Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ-ның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған резидент-үйлестірушісі – БҰҰ Даму бағдарламасының еліміздегі Тұрақты өкілі Норимаса Шимомурамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқандығына назар аударды. Сондай-ақ, жиында 2015 жылы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун және бірқатар арнаулы агенттіктердің басшылары Қазақстанға сапармен келгені, былтыр күзде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының жұмысына және жоғары деңгейдегі тақырыптық саммиттерге қатысқаны атап өтілді.
«Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның елімізге 2015 жылғы сапарын жоғары бағалаймыз. Ол өте мазмұнды болды. Қазақстан Президенті БҰҰ-мен өзара қарым-қатынасқа ерекше назар аударады. Жуырда ғана «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жарияланды. Онда Мемлекет басшысы БҰҰ-ның әлемді қарусыздандыру мәселелеріндегі рөліне ерекше тоқталды», – деді Г.Әбдіқалықова.
Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы «Қазақстан-2050» Стратегиясының, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының және Бес институттық реформаның негізгі бағыттары БҰҰ Бас хатшысының Бесжылдық іс-қимыл бағдарламасының басымдықтарымен, Мыңжылдық Даму Мақсаттарымен (МДМ) және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) үйлесімді екендігін жеткізді.
Сонымен бірге, Г.Әбдіқалықова алдағы маусымда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланған жағдайда адамзат алдындағы сын-қатерлерді шешу ісіне қомақты үлес қосуға, сонымен қатар, Орталық Азия өңірі мәселелеріне халықаралық қоғамдастықтың назарын аударуға дайын екенін мәлімдеді.
Одан әрі Мемлекеттік хатшы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесе қаржыландырылатын жобалар аясында Астанадағы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өңірлік хабты дамыту, Алматыдағы Көпжақты дипломатия орталығын заңнамалық түрде рәсімдеу, «KazAid» дамуға қолғабыс көрсету жөніндегі агенттігі жұмысын ілгеріле-
ту, сондай-ақ, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық бойынша барлық бағытта серіктестікті жалғастыруға қызығушылық білдірді.
Г.Әбдіқалықова Қазақстанның гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері аясын жүйелі түрде кеңейтіп келе жатқанын сөз етті. Ол осы орайда биылғы наурыз айында қазақстандық делегацияның Нью-Йорктегі БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 60-шы сессиясына қатысуын атады.
Ал Норимаса Шимомура Қазақстанда көптеген маңызды реформалар жүзеге асырылып жатқанын айта келіп, еліміздің халықаралық аренада да жүйелі жұмыстар атқарып отырғанын, Президенттің былтырғы жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассам-
блеясында қолдауға ие болған бірқатар халықаралық бастама көтергенін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы кездесу соңында Н.Шимомураға Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы үнқатысу мен өзара түсіністікті нығайту жолында атқаратын жұмыстарына табыс тіледі.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55