Сәуір айының басында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, Барселона қаласында «Қазақстандық кино циклдары» шарасы салтанатты түрде ашылды. 19 наурыздан бастап, сәуір айының аяғына дейін жалғасатын, яғни қырық күн бойы көрсетілетін қазақ киносының күндерін ұйымдастыруға Қазақстанның Испаниядағы елшілігі, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы, «Дом Азии» қоғамдық ұйымы мен «Cinemes Girona» кинотеатры ұйытқы болуда. Ал салтанатты шараның ашылуына Қазақ елшілігінен бөлек, Барселонадағы консулдық корпусы мен Испанияда оқып жүрген қазақ студенттері ат салысуда. Әрине, мұндай айтулы мәдени оқиғаның басты мақсаты Қазақстанды, оның халқын, дәстүрін, тарихы мен өзге жұртқа үлгі болған татулығын таныту ғана емес, Испания мен Қазақстанның қарым-қатынасын жандандыра түсу екені аян.
Сонымен, Барселона қаласында басталған салтанатты шарада «Дом Азии» қоғамдық ұйымының мәдениет және көрмелер жөніндегі департаментінің директоры әрі Испаниядағы мәдениет саласындағы беделді сарапшысы Менене Грас қазақстандық фильмдердің әлемдік кинематографияда өзіндік орны бар екенін атай келе, оның айғағы ретінде отандық картиналарға берілген халықаралық кинофестивальдардың басты жүлделерін атаған. Менене Грас ханымның ойынша, «Қазақстандық кино циклдары» қазақстандық киноның бірегейлігін ғана емес, бүкіл мемлекеттің ауызбіршілігін насихаттайды.
Бұл күндері Барселонада басталып, Мадрид пен Валенсия қалаларында жалғасын табатын қазақстандық картиналардың көрсетіліміне испандықтар көптеп келуде. Олар «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген режиссер Ермек Шынарбаевтың «Дала дауысы», Ермек Тұрсыновтың «Кенже» мен «Шал», Ерлан Нұрмұхамбетовтің «Жаңғақ тал», Рашид Сүлейменовтің «Оралу» фильмдері мен Қазыбек Әміржановтың қысқа метражды «Бақ» картинасы, Бақыт Қайырбековтің «Дешті Қыпшақ. Құпия белгілер» деректі фильмдерін тамашалауда. Фильмдердің барлығы қазақ тілінде испан субтитрімен жүріп жатыр, деп хабарлайды, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы» АҚ баспасөз қызметі.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
• 08 Сәуір, 2016
Испанияда 40 күн бойы қазақ фильмдері көрсетіледі

11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55