08 Сәуір, 2016

Қадам

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Арқалық қала­сының бес тұрғыны «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітіне келіп, тілін кәлимаға келтірді. Бұл бесеуі де өзге ұлт өкілдері. Ис­лам дінін П.Агофонов, Н.Виш­­­невецкий, В.Сафонов, Т.Осоновец, Р.Шай­хинуров есімді азаматтар өз еркімен қабылдады. Мешітте оларға найб-имам Есбол Касенов ислам құн­­дылықтарынан мәлімет бер­ді. Содан кейін жамағат алдын­да бас имам Бектұрсын Торғай­байұлы асыл дінімізді қабылдаған азаматтарға «Мұ­сыл­манның сипаты» атты кітап­шаларды салтанатты түрде табыс етті. – Ислам діні – иман­дылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, жақсылыққа шақыратын дін. Біз оның артықшылықтарына күн өткен сайын көз жеткізіп келдік. Мешітте бізге дін өкілдері сұ­рақ­тарымызға жауап берді. Толғандырған сауалдарымыз көп еді. Солардың бәріне нақты жауап алдық, – дейді олар. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».