Көкшетаудағы Достық үйінде Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі облыстық әкімдіктің қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы шеңберінде аукцион өткізді.
Науқас балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетуге бағытталған бұл шараға облыстық басқармалардың басшылары, кәсіпорындардың жетекшілері, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер қатысты. Қайырымдылық акциясының ашылу рәсімінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созуға ниет білдірген азаматтарға алғысын білдірді.
– Облысымызда мүмкіндігі шектеулі, өмірге құштар жандар аз емес. Олар қайырымды азаматтардың көмегіне мұқтаж. Сондай жандарға қолұшын беру қалыпты нәрсеге айналуы керек деп есептеймін. Сонда біздер өзгелерге үлгі болып, мейірімділіктің дәстүрлі түрде жалғасуына ұйытқы боламыз, – деді Нұрлан Жаңбыршыұлы.
Бұдан кейін алты кезең бойынша 30 лот ойнатылды. Мұнда өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы мен «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы оқушыларының қолөнер бұйымдары сатылымға түсті. Сондай-ақ, Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлерінің туындылары қойылған арнайы сатылым көрмесі ұсынылды. Сатудан түскен қаржы Айдарбек Қапаров пен Мансұр Құсайынов есімді екі науқас баланы емдеуге жұмсалмақ.
Аукцион қорытындысында арнайы комиссия ақшалай және шотқа аудару арқылы 2 миллион 800 мың теңгеден астам қаржы жиналғанын мәлімдеді. Бұл ақшаны Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова аталған балалардың аналары Нұргүл Құсайынова мен Сардал Омарәлиеваға табыс етті.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55