Бұл ұлттық ойындар мектеп бағдарламасына енетін болды
Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп бағдарламасындағы дене шынықтыру пәнінің жүйесі өзгермекші. Алдағы оқу жылынан бастап аталған пәнге ұлттық ойындарға арналған жаңа сағаттар енгізіледі.
– Әр сыныптың оқушылары 9 айда кем дегенде 102 сағат дене тәрбиесі сабағына қатысады. Енді білім саласының мамандары осы сағаттардың тең жартысын ұлттық ойындарға арнауды ұсынды. Бұған ел аумағындағы спорттық сайыстарда ұлттық ойындар санының артуы себеп, – дейді облыстық білім басқармасына қарасты аймақтық оқу-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшысы Жәнібек Лебаев.
Бүгінде ұлттық ойындарды халықаралық деңгейде дамыту маңызды болып отыр. Сондықтан да көшбасшы толағайларды тәрбиелеу үшін білім саласының мамандары жүйелі жоспар жасауға кіріскен. Олар алдымен әдістемелік кітаптарды жинақтап, жаңа кадрлардың біліктілігін арттыруға бет бұрды.
Ал 40 жыл ұстаз болған Расиль Байков ұлттық спорт түрінің өңірде өркендеуіне бірнеше кедергі бар, дейді.
– Ең алдымен материалдық жағын ойластыру керек. Ғимарат, сосын көкпар ойынына жылқы қажет. Сондай-ақ, жылқыларға қарайтын адам тағы керек. Мен білікті жаттықтырушы-педагогтар мәселесін екінші кезекке қоямын. Көрдіңіз бе? Ұлттық ойындарды мектеп бағдарламасына қосу үшін қаншама машақаттануға тура келеді, – деді ол.
Десе де білім саласының басшылары бұл уақытша мәселе, кедергілер бір-екі жылда шешімін табады. Біз келешек ұрпақтың ұлттық ойындардан қол үзбеуін, мектеп табалдырығынан оларға осыны үйретуді көздейміз, деді. Сондай-ақ, аймақтық оқу-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшысы Жәнібек Лебаев: «Алдағы оқу жылынан бастап тоғызқұмалақ, көкпар, асық ату, аударыспақ, қазақша күрес – 5 ұлттық ойын мектеп бағдарламасына енеді. Бұл үшін қазір жаңа жоспар-бағдарламалар әзірленуде», – деп қысқа қайырды.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан».
ШЫМКЕНТ.

11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55