бұл шаһарды Жібек жолы бойындағы ең әдемі қалаға балап отыр
Өзінің 1000 жылдық тарихын атап өтуге қызу дайындалып жатқан Алматы шаһарына күні кеше Еуропа аумағынан тағы бір жағымды жаңалық желдей есіп жетті...
Ұлыбританияда көп данамен шығатын Wanderlust журналы Алматыны Ұлы Жібек жолы бойындағы ең шырайлы әсем шаһарлардың қатарына кіргізіпті. Осы арада бұл жол тармағының бойында Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия, Өзбекстан және Түрікменстан елдері жатқанын қайталай еске сала кеткенді жөн көріп отырмыз. Туристік-танымдық шолуларға бейілді басылым тілшілері Ұлы Жібек жолымен 23 күндік саяхаттау барысында Top-8 талабы бойынша қалтқысыз сараптама жасаған. Сол талдаудың қорытындысына сәйкес, олар Қазақстанның ең көрікті мекені ретінде Алматы мен Шарын шатқалын атаған екен. Журнал сарапшылары: «Ұзындығы 90 шақырымға созылып жатқан айрықша шатқалға қарай бірден аттанбас бұрын міндетті түрде алдымен Алматы шаһарына ат шалдырып алыңыз. Сұлу қаланың көз тоймас көркіне тамсанбай өту еш мүмкін емес, шатқалға сапарды шаһардан бастау керек», – деп қызықты ой түйіндейді.
Бұл күндері Тор-8 сараптамашыларының айтқаны айдай келіп тұр. Неше күн, неше түн үздік-создық таусылмай майдалап жауған көктемнің ақ жауыны Алматыны жаңа туған сәбидей шомылдырып, тап-таза етіп алды.
Қау етіп шыққан көк майса онсыз да ән қанатында жүрген Алматыны, тіпті, құлпыртып жіберді-ай...
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55