09 Сәуір, 2016

Манифест маңызы

498 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
С Премьер-Министром Японии Синдзо Абэ немесе батыл бастама қолдаусыз қалмайды Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Вашингтонда ұйымдастырылған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммиттің қорытындысына арналған брифинг өтті. Онда Қазақстанның ядролық қарусыздану бағытындағы үлесі кеңінен сөз болды. Жиын барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты көздейтін маңызды бастамалары өзінің маңыздылығын дәлелдеп, жаһан жұртшылығын ядролық қарусыз әлем құруға жұмылдырып отырғанына тоқталды. «Баршаңызға белгілі, жақында АҚШ-тың Вашингтон қаласында Ядролық қауiпсiздiк жөнiндегi IV саммит өткен болатын. АҚШ Президентi Барак Обаманың жеке шақыруымен бұл алқалы жиынға қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саммит барысында бiрқатар маңызды баяндама жасады. Жалпы алғанда, АҚШ Президентi Обаманың ядролық терроризм актiлерiн болдырмау туралы бас­тамасы адамзаттың XXI ғасырдағы басты мақсаты ретiнде Қазақстанның ядролық қарудан азат әлем құру және Біріккен Ұлттар Ұйымы қамқорлығымен антитеррорлық коалиция құру туралы ұстанымдарына сай келедi. Бұл бастамаларды Мемлекет басшысы өткен жылдың қыркүйегінде БҰҰ-ның 70-сессиясында мәлiмдеген болатын», – дедi Е.Ашықбаев. Бұдан бөлек, Е.Ашықбаев Ядролық қауiпсiздiк жөніндегі IV саммитте Брюссельдегi лаңкестiк актiлер туралы мәлiметтер жария болғанын, тергеу нәтижесiнде қолға түскен мәлiметтерге сәйкес, жаһандық бөтен пиғылды заңсыз ұйымдар Бельгияда орналасқан ядролық нысандарға шабуыл жасауға әрекеттенгенін айта келіп, аталған саммитте талқыланған ядролық лаңкестікті болдырмау мәселесiнiң өзектiлiгi осындай оқиғалардан да туындап отырғанын сөз етті. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрінің орынбасары осы уақытқа дейін 50-ден астам мемлекет басшыларының араласуымен 3 мыңға жуық тонна жоғары байытылған уран мен плутоний қауіпсіз жерге көшірілгенін, әлемнің 13 елі жоғары байытылған ураннан құтылғанын, 30 қоймада қорғаныс шаралары күшейтілгенін, 328 халықаралық өткізу бекеті радиациялық бақылау құрылғыларымен жабдықталғанын атап өтті. Оның айтуынша, ядролық қарусыздану бағытындағы нәтижелі жұмыстарға Қазақстанның сіңірген еңбегі көп. Бұған қоса, Е.Ашықбаев Иранның ядролық бағдарламасына қосқан үлесімізді де атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстан Ираннан шығарылған қауіпті уранның орнына 60 тонна табиғи уранды жеткізіп берген. Ол да ядролық қауіпсіздік шараларына қосқан бір үлесіміз деп есептелуде екен. Осы орайда, Е.Ашықбаев уранға бай еліміз осы кенді тек бейбіт мақсатта тұтынып, ядролық энергетиканы дамытуды жөн санайтынына, сонымен бірге, Қазақстан жағы ядролық өнімді әскери мақсатта қолдануға түбегейлі тыйым салатын халықаралық келісім керек екендігін алға тартып отырғанына назар аударды. Баспасөз мәслихатында спикер тілші сауалына орай суретші Кәріпбек Күйiковтің «Жарылыс» картинасы Қазақстанның әлемге жасаған үндеуi екенін жеткізді. «Семей ядролық сынағынан зардап шеккен суретшi Кәрiпбек Күйiков өз өмiрiн ядролық қауiпсiздiкке арнаған жан. Ол әлемге ядролық сынақтардың зардабын көбiрек ұғындыру үшiн қолынан келгеннің бәрін жасап келедi. Сондықтан бiз Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президентi Барак Обамаға Кәрiпбек Күйiковтің «Жарылыс» атты суретiн сыйлау арқылы символдық мәні бар ишарат жасады деп ойлаймыз. Барак Обама Нобель сыйлығының лауреаты ретінде ядролық қауiпсiз әлем қалыптастыруды қолдайды. Сондықтан Қазақстан халқының осы сыйлық арқылы әлемді, оның iшiнде АҚШ-ты iс жүзiнде ядролық қарудан бас тартуға шақыруға моральдық құқығы бар. Бұл – Қазақстанның бүкiл әлемге жасаған сыйлығы әрі үндеуi», – деді Е.Ашықбаев. Брифингте Энергетика министрлігінің комитет төрағасының орынбасары Тимур Жантикин, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының стратегиялық зерттеулер және болжамдар қызметінің меңгерушісі Михаил Мироненко IV саммиттің маңыздылығын, ядролық қарусыз әлем құру жолындағы Қазақстанның табанды күресін, нәтижелі жұмыстарын атап өтті. Олардың сөздеріне қарағанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем құру жолындағы сауатты бастамаларына әлем жұртшылығы жоғары баға беріп отыр. С Премьер-Министром Венгрии Виктором Орбаном С Президентом Украины Петром Порошенко С Президентом Азербайджана Ильхамом Алиевым С Премьер-Министром Новой Зеландии Джоном Ки С Королем Иордании Абдаллой II С Президентом Финляндской Республики Саули Ниинистё С Президентом Мексики Энрике Пенья Ньето   Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».