19 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1445

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 30 желтоқсан    Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы №1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауар­ларға кедендік әкету баждары туралы» Қа­зақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы №1036 қаулысына (Қазақстан Рес­пуб­ликасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №38, 533-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: «СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші» деген бағанда: «2709 00 900 2, 2709 00 900 8» деген сандар «2709 00 900 3, 2709 00 900 7»-деген сандармен ауыстырылсын; «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген бағандағы «20» деген сандар «40» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық эконо­ми­калық қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің Хат­шылығын Қазақстан Республикасының Үкі­ме­ті қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабардар етсін. 3. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    К.МӘСІМОВ.