Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегацияның Бейжің қаласына (ҚХР) ресми сапары жалғасуда.
Делегация ҚХР Жоғарғы халықтық сотының төрағасы Чжоу Цянмен кездесті. Кездесу барысында Қ. Мәми: «Биылғы қаңтарда біздің елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 24 жыл толды. Осы уақыт аралығында өзара іс-қимылдың кең ауқымды салалары бойынша екіжақты байланыстарды серпінді нығайтуға бағытталған орнықты саяси бәтуаластыққа қол жеткізілді», деп атап өтті.
Қазақстандық сот жүйесінің дамуы жөнінде айта келе, Қайрат Мәми Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде еліміздің сот-құқықтық саласындағы оң өзгерістер туралы хабардар етті. Атап айтқанда, үш сатылы сот жүйесіне көшу, процестік заңнаманың жаңаруы, судьяларды іріктеу және кәсіби даярлау жүйесі, инвесторларға арналған мамандандырылған сот пен Халықаралық консультативтік кеңес құру туралы тоқталды. Дауларды шешудің баламалы тәсілін енгізу және сот ісін жүргізуде электрондық технологияларды қолдану саласында өзара тәжірибені, ақпаратты және ең үздік жетістіктерді алмасуға ерекше назар аударылды.
Қазақстандық делегация, сондай-ақ, Қытайдағы судьялардың Мемлекеттік академиясында болып, онда Жоғарғы Сот Төрағасы екі елдің сот органдарының білім орталықтары арасындағы байланысты орнатуға мүдделілік танытты. Мұндай ынтымақтастық кәсіби біліктілігін арттыру саласында білім алушылармен профессор-оқытушылар құрамы үшін өзара тәжірибе және білім алмасуға септігін тигізетіндігі атап өтілді. Ал 12 сәуірде қазақстандық делегация Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті саяси-заңдық комиссиясының хатшысы, Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі Мэн Цзяньчжумен кездесті, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43
Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Королін құттықтады
Президент • Бүгін, 11:40
Банк басшысының бейнесін қолданған: Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қоғам • Бүгін, 11:30
Каспийде бір айда 20 рет жер сілкінді
Табиғат • Бүгін, 11:10
Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады
Бюджет • Бүгін, 11:05
Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 10:58
Несие төлемін кешіктіргенде нені білген жөн?
Несие • Бүгін, 10:40
Дербес деректер интернетте сатылған: Сатып алушылар арасында микроқаржы ұйымдарының өкілдері бар
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:29
Бокстан Әлем кубогі: Қазақстан қоржыны тағы 3 медальмен толықты
Бокс • Бүгін, 10:23
Сайлау қарсаңындағы теракт: Колумбияда автобус жарылысынан 20 адам ажал құшты
Әлем • Бүгін, 10:20
Трамп қатысқан кеште оқ жаудырған күдікті сот алдында жауап береді
Әлем • Бүгін, 10:10