13 Сәуір, 2016

Елбасы манифесі

226 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
KZH_6727- Калка Н - фото-Жогаргы Сот - мамыр 2014 ж-1жалпыадамзаттық келісім алаңында бас қосуға үндейді Көз алдымызда күн санап, сағат санап, тіптен, сәт сайын алмағайып әрі күрделі өзгерістерді бастан кешіп жатқан әлемде бейбітшіл саясатты ұстанатын адамзат үшін алда қандай бағыт-бағдарлар белгіленгені жөн? Адамзат бала­сының өзі ойлап тап­қан, енді бүкіл жер-жиһанға қатер тудырып отырған тажал қару­дан қалай құтылуға, оның қа­те­рінен қалайша бас тартуға бола­ды? Одан құтылар жол бар ма? Осы сауалдар саналы адам баласын толғантары анық. Әрине, бұл сауалдарға жауап берер көреген басшы, ақылман қайрат­кер, ой-санасы сергек, күллі адам­заттың амандығын ойлап, сара жол нұ­с­қайтын тұғыр­лы тұл­ғаның бағдар­ламалық сөзін уақыттың өзі барша әлем жұр­тына мойындатып отыр. Ол – Тәуелсіз Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н.Ә.Назарбаевтың Вашинг­тондағы IV ядролық қауіп­сіздік саммитінде жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесі қазіргі уақытта дүниежүзілік ұйым – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңе­сінің ресми құжатына айналып, жоғары мәртебені иеленуі – әлемдік деңгейдегі маңызды оқиға. Қазақстан басшысы ұсынған құжаттың бейбіт өмірді сақтап қалуда бірден-бір бағ­дарлама ретіндегі мән-маңызын терең түсін­гендіктен бо­лар, манифеске БҰҰ штаб-пәтерінің хат­шылығындағы жү­йеде арнайы тіркеу нөмі­рі беріліп, ұйымға мүше мем­лекет­тердің барлығы үшін БҰҰ-ның электронды жүйе­сінде қолжетімділікке ие болды. Бұл – біздің еліміз үшін үлкен мәртебе, зор құрмет! Бұл – биыл Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтетін Қазақ елінің халықаралық деңгейдегі бейбіт өмір сүру саясатының мәуе­лі жемісі! Бұл – Елбасының ғалам­шарда бейбітшілікті сақтап қалу үшін сан толғанып, сан тебі­реніп, ядролық қарусыздану үдері­сін жал­пыхалықтық дең­гейге көтеру жо­лындағы өміршең де өзекті идея­ларының қайнар көзі, бастау-бұлағы. «Мың шақырым жол бір қадам­нан басталады», деген дана­­лық сөз бар халқымызда. Елбасының мани­фесі адамзатты зұлмат қарудан бір­жолата бас тартуға шақыра отырып, ядролық қарусыздану үде­рісіне белсене атсалысуға жа­са­ған бұл қадамы ажал қаруын ауыз­дықтауда келешекте үлкен даң­­ғылға апа­ра­ты­ны­­на кәміл сенім­діміз. Қазақстан Пре­­­­зидентінің бағ­дар­­­­­ламалық құжа­тын­­­да айтылған сал­мақ­­­ты ойлар мен тұ­жы­­­рымдамалық тү­йін­­­дер осындай ойға же­­те­лейді.Мемлекет бас­­­шысы онда: «ХХІ ға­сыр­да адамзатқа өзін өзі демилитаризация­лау жа­ғына қарай шешімді қадам жасау қажет. Бізде мұндай басқа мүмкіндік бол­майды. Бұлай жа­салмаған жа­ғ­дай­­да пла­не­та ра­диоактивті мате­риа­л­дар­дың орасан зор тір­шілік­сіз үйін­ді­сіне айналады. Біздің пла­нета­мыз біре­гей, бізде басқа он­дай пла­нета жоқ және болмайды. Сон­дық­­тан адам­затқа «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» кең ауқым­ды бағдарламасы қажет», деп ба­тыл талап қойып, нақты бағдар нұсқайды. Елбасы «жаһандық стратегия ұлттың соғыстар мен жанжалдар вирустарын жою жөніндегі үйле­сімді және жауапкершілікті іс-әрекеттерін айқындауда үш басты қағидатты нақты мазмұндау керек­тігін» ұсынады. Осы орайда, Қазақстан Прези­денті: «Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі. Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылуы ықтимал басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды», деп барша адамзат назарын ғалам­дық мәселеге аударады. Түптеп келгенде, Елбасы Н.Назарбаев «бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келетінін, оған кімнің жауап беретінін анықтау кейін кеш болатынын, тіпті, жауап беретін адам да табылмайтынын» ашық айтады. Болашақта адамзатқа зор қауіп төндіретін «осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық ли­дер­лер мен саясаткерлер және олар­дың барлық келесі буындары аксиома ретінде түсінулері тиіс» екенін атап көрсетеді. Мем­ле­кет басшысы «Үшіншіден, мем­ле­кеттер арасындағы барлық та­лас-тартыстарды реттеу үшін негіз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үнқатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек», дей отырып, барлық елдер басшыларына нақты іске көшудің айқын жолдарын ұсынып, жалпы­адам­заттық келісім алаңын­да бас қосуға үндейді. Нұрлан ҚАЛҚА, ақын, «Астана-Бәйтерек» республикалық байқауының жеңімпазы. АСТАНА.