13 Сәуір, 2016

Атоммен байланысты мәселелерді түсінетін кез жетті

353 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
_DSC0522– дейді дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты химия пәнінің мұғалімі Алмас ОРДАБАЕВ – Сіздің шәкірт­­теріңіз 3 жыл­дың ішін­де химия пәнінен 22 рес­пуб­ликалық, 18 ха­лық­аралық жа­рыс­қа қаты­сып­ты. Жалпы, өзіңіз ғы­лым жолына түс­кен жас ғалым ретінде жуырда АҚШ-та өт­кен Ядро­лық қауіп­сіздік жө­нін­дегі саммитті шақы­рудағы басты мақсат неде деп ойлайсыз? – Біріншіден, дүниежүзінде болып жатқан мұнай дағдарысына байланысты күллі әлем ғалымдары қазір баламалы қуат көздерін іздеуде. Әрине, ең бірінші болып ға­лым Эйнштейн бастамасын салған атом энергетикасын дамы­ту қажет. Алайда, бәріміз де та­рих­тан атом энергетикасының адам­затқа қарсы қолданылған кез­дерін де білеміз. Бұл – тең­десі жоқ қару. Сондықтан да, яд­ро­­лық қауіпсіздік мәселесі – әлем алдындағы күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе. Ал АҚШ бол­са, дүниежүзіндегі ядролық мемлекеттердің ішіндегі ең ірісі. Сондықтан ядролық қауіпсіздік мәселесінде неге белсенділік көрсететіні түсінікті. Әсіресе, саяси келіссөздерге есігін жауып қойған кейбір ел­дерге қарсы қолданылатын шара­лар төңірегінде мәселе қозғау осы саммиттің басты мақсаттарының бірі болды. Мысалы, 2010 жылы дүниежүзі назарын ядролық терроризм қаупіне аудару мақ­сатымен Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі алғашқы саммит шақы­рылды. 2012 жы­лы Сеулде, 2014 жы­лы Гаага қала­сында өткі­зілді. Бұл жолы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та өт­кен Ядролық қауіпсіздік жө­нін­дегі саммиттің бірінші сес­сия­­сына қатысып сөз сөйледі. Пре­зи­дентіміз еліміздің ядролық ны­сан­дар мен материалдар қауіп­сіздігінің деңгейі ең жоғары мем­­лекеттердің алғашқы жиыр­ма­­­лы­­ғында тұрғандығына қаты­су­шылардың назарын аудартты. Осы күндері елімізде ядролық қауіпсіздік бойынша бірқатар кешенді шаралар жүзеге асырылып жатқанына, ядролық материал­дар­ды экспорттық бақылау жү­йе­сінің жетілдірілгеніне тоқ­тал­­ды. Ядролық қауіпсіздік мәсе­­лесі жөніндегі IV саммитте Қазақ­станның бейбітшілікті жақтаған үнін бүкіл әлем естіді. Осы жолғы сам­митте өткен жылы МАГАТЭ мен еліміз арасында мем­лекетіміз аумағында Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылуы ха­лық­аралық қоғам­дастық, АҚШ тара­пы­нан жоғары ба­ға­ланды. Ал өзі­міз­дің жұртшылық қалай қабылдауда? – Біздің халқымыз ядролық қарудың не екенін және қанша­лықты қауіпті екенін, өкінішке қарай, өте жақсы біледі ғой. Семей полигоны, басқа да поли­гон­дардың орналасуын, сол бір зұлмат жарылыстарды естеріне де алғылары келмейтін шығар. Өйткені, атом энергетикасымен байланысты жаңалықтың қай­сы­сы болса да әлі де халықтың үрейін тудыратыны жасырын емес. Сондықтан, біріншіден, осы аталған бейбіт жаһандық жобаның мағынасы мен маңыздылығын халыққа әбден түсіндіру керек деп ойлаймын. Екіншіден, қауіпсіздік бағы­тында қандай шаралар қолданы­латынын талқылау қажет. Үшін­шіден, мысалы, химик ретінде хи­мия тілімен айтқанда, 235-Уран изотопының фторид қосын­ды­сы арнайы радиоактивті сәу­леленуін азайтатын ыдыстарда сақ­­талатынын, МАГАТЭ-нің үз­дік мамандары бұл жобаға қаты­са­тынын халыққа ашық түрде дұрыс жеткізу керек. Төртін­ші­ден, аталған жобаның эконо­ми­ка­мызға тікелей пайдасы жоқ. Бі­рақ, еліміздің ғылым саласына, эко­ло­гиялық мәселелерді шешу жол­дарына әкелер пайдасы ора­сан зор. Бұл – әлем деңгейінде аса маңызды жоба. Бесіншіден, атом энергети­касын дамытпақ болған елдердің осы бағыттағы жұмысын қадаға­лау. Алтыншыдан, бұл елдерге техникалық көмек көрсету. Әрине, еліміздің бұл бағытта ғылымның дамуына тигізер үлесі зор бол­мақ. Жоғары технологиялық лабо­ра­ториялардың ашылуы және оларды дамыту – біздің бұл жобадан алатын тікелей пайдамыздан көрінеді. Ядролық қауіпсіздік бо­йынша саммитті шақыру Пре­зи­­дент Барак Обаманың жеке ба­стамасы болды. Енді Қазақ­стан­да жалғасын табуы мүмкін бе? – Әбден мүмкін. Бұл бағытта әлем деңгейінде еліміздің ядролық қауіпсіздікке қосқан үлесі зор. Егер төмен байытылған уран банкі елімізде құрылатын болса, жылда осындай саммит елімізде өткізілуі де мүмкін. Еліміз қауіп­сіздік, интеграциялану үдері­сінде, дін, ұлт, елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағы­тында халықаралық қоғам­дас­тықта да беделі айқын. Осы саммит барысында ядро­лық қарудан арылған бейбіт өмір сүріп жатқан ел екендігіміз паш етілді. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі 2010 жылдан бері 2 жыл сайын өткізіліп келе жатқан саммитке тұрақты қатысуда. Біздің еліміз де әлемдегі қауіпсіздіктің берік тұғырын, тұрақты моделін орнатуға үлес қосып келеді. Елба­сының Вашингтонға осы жол­ғы сапары еліміздің әлемдегі ан­тиядролық қозғалыстағы же­тек­­ші­лігін тағы бір мәрте көрсетті. Жалпы, Елбасының Ва­шин­г­тонға сапары еліміздің ядро­­лық қаруды таратпау, ха­лық­­аралық қауіпсіздік ісіне берік ұстаным көрсетуіне, ядро­лық материалдардың нақты қауіп­сіздігін сақтаудағы тәжі­ри­­бес­імен және танымымен бөлі­суіне мүмкіндік берді. Ал Семей пол­игонының зарда­бы­­нан құ­тылуға көмегі қанша­лықты? – Жоғарыда айтқанымдай, мұндай деңгейдегі әлем үшін маңызы зор жоба Шығыс Қазақ­станда жүзеге асатын бол­са, біздің ғалымдар үшін үл­кен мүмкіндіктер туатыны ай­дан анық. Ендігі мәселе, тек біз­дерге қалып отыр. Енді біз ғылы­ми лабораторияларымызды, эко­ло­гия­лық қауіпсіздік бағы­тын­­­д­ағы жаһандық жоба­лары­мыз­ды жүзеге асыруымыз керек. Тәуелсіздік жылдары әлемнің үздік елдерінде білім алып келген мамандарымыздың өз білімін ел болашағы үшін қолданар уақыты келді. Озық ойлы жастар, заманына сай білім алып, өз заманының дамуына зор үлесін қоса алады. Шәкірттерім химия әлеміндегі ізденіске толы тынымсыз еңбе­гімді қанаттандырған талантты оқушылар. Қазірдің өзінде химия ғылымы саласында жұмыс жасау­да тәжірибелері де аз емес. Оқу-білімді ғылым арқылы алуға бо­ла­тынын олардың ойлай, ойлана білгендерін ұқтырудамын. Уран банкінің еліміз аума­ғында құрылуы АҚШ-та бұл банк өзге елдер үшін бейбіт атом энергиясының қол­жетімділігін қамтамасыз етіп, олардың ядролық отын­ды байыту бойынша өз бағ­дарламаларын жасау қажет­тілігін жоятындығын түсінеді. Ал біздегі көзқарас қандай? Біз мұны қалай түсінеміз? – Бұл – біздің әлемге тигізер пайдамыз, дүниежүзіндегі бей­біт­шілікке, ядролық қауіп­сіз­дік­ке қосар үлесіміз. Алайда, бұл тек альтруистік идеясына негіз­делген жоба емес, елімізге әкелер пайдасы болу керек. Төмен байытылған уран банкін қолданар елдерге қояр міндеттеріміз нақты болуы тиіс. Жобаға қатысатын әр мем­лекеттің Қазақстанда жаңа технологиялардың дамуына қосар үлесі болуы қажет. Ең бас­ты да маңызды мәселе – Семей полигонының зардаптарын жою, сол өңірдің экологиясын жан­дандыру. МАГАТЭ аталған мәселелерде гарант болады деген сенімдемін. Болашақта жаңа ғасырға сай өр­кендеу тек ғылым мен тех­ни­каның қолында дейсіз ғой? – Әрине. Адамзат қанша нәр­сені білсе де, күн сайын әлем­де таңғажайып жаңалықтар ашы­лып жатады. 2012 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мем­лекеттік университетінің химия факультетін бітірдім. Мәс­кеуде оқып жүрген 2009-2012 жылдары химия саласына бай­лан­ысты Жаңа технологиялар инс­титутында ғалым профессор­дың ассистенті болып тәжірибе қажеттілігі үшін жұмыс істедім. Ұшақтардың сыртын қаптайтын көміртегі сұйықтығын жасайтын жоба жұмысына қатыстым. Көмір­тегі сұйықтығын жасай­тын жоба менің дипломдық жұмысым болды. Біз ғылымды шексіз сүйеміз, сондықтан, біз­дің жан дүниемізде ішкі ру­хани тербеліс жүруде, әркім өз таңдауын жасайды. Эволюция деген осы. Сондықтан, дарын­ды­лар, химиктер, физиктер, матема­тиктер елімізге аса қажет. Рахмет әңгімеңізге, ғылым жолындағы еңбегіңізге сәттілік тілеймін. Әңгімелескен Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». Павлодар.