13 Сәуір, 2016

«100 нақты қадамға»

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
арналған энциклопедия Оңтүстік Қазақстан Мем­ле­кеттік педагогика институты тамаша бастама көтеріп, 5 инс­ти­туттық реформаны жүзеге асыруға арналған, Ұлт Жоспарының барлық саласын қамтыған Жол картасы энциклопедиясын үш тілде жазуға кірісіп кетті. Оқу орнының аз сөйлеп, көп іс тындыратын ректоры Оңалбай Аяшев: «Бұл – бүкіл Қазақстанда жасалып жатқан Жол картасы негізіндегі алғашқы энциклопедия­», – дейді. Жиырма үш мамандық бойынша үш мыңнан астам студент білім алып жатқан оқу орнының шетелдегі алдыңғы қатардағы университеттермен келісімшарттары бар. Тәжірибе алмасып, білім-бі­лік­терін ұштайды. Яғни, халыққа пайдасы зор энциклопедия жазуға дайындықтары молынан жетеді. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.