13 Сәуір, 2016

Бес жасар бүлдіршіндер

424 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
DSC_0256Абай өлеңдерін жатқа оқып жарысты Семейдегі Абай мұражайында мектеп жасына дейінгі 5 жасар бүлдіршіндер арасында «Әсемпаз болма әрнеге» бай­қауы өтті. Тұң­ғыш рет ұйым­дастырылған бай­қаудың мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жас бүлдіршіндер арасында насихаттау және мәнерлеп оқуға баулу, тіпті, сахналық қойы­лымдарға қатыстыру еді. DSC_0261– Байқауға қаламыздағы «Ай­налайын», «Бес асыл» мектепке дейінгі шағын орталықтарының тәрбиеленушілері қатысты. Әрбір өнерпаз бала Абайдың 10-12 өлеңін жатқа айтты, – дейді мұ­ражай қызметкері Бұлбұл­наз Мұратқызы, – бұл байқауда «Абай» өнер мектебінің мәнер­леп оқу үйірмесінің оқушылары дала данышпанының өлеңдерін оқып, «Бес асыл» шағын орталығының бүлдір­шіндері өздері дайындап әкел­­ген «Бес асыл іс...» кө­рі­нісін, «Айналайын» шағын орталығының бүлдіршіндері Абай­дың әні «Желсіз түнде жарық ай» және қазақ биі «Қамажайды» ел назарына ұсынып, өзара бәсекеге түсті. Өнер сайысының қоры­тындысы бойынша I орынды «Бес асыл» мектепке дейін­гі шағын орталығының тәрбие­ленушісі Абылай Болатов, II орынды «Айналайын» мектепке дейінгі шағын орталығының тәрбиеленушілері Әлижан Әсет­ұлы, Айзере Қыдырханова, ал III орынды Шырайлым Айдынқызы, Айару Берікова, Адия Искакова, Айдын Оспанов иеленді. Жеңім­паздар арнайы мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Бүлдіршіндерді байқауға дайындағаны үшін «Айналайын», «Бес асыл» мектепке дейінгі ша­ғын орталықтарының басшылары мен тәрбиешілеріне арнайы Алғыс хаттар тапсырылды. «Әсемпаз болма әрнеге» байқауына Семейдің зиялы қауым өкілдері, ата-аналар, студенттер, тәрбиешілер, ұстаз­дар қатысты. Абай мұражайы мұрын­дық болған «Әсемпаз болма әр­неге» байқауын енді жыл сайын өт­кізу жақсы дәстүрге айналғалы отыр.   Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.   СЕМЕЙ.