13 Сәуір, 2016

Ғарыш қақпасы атанған Қазақстан

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне орай Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 балалар кітапханасында «Қазақ жеріндегі ғарыш қақпасы» атты тарихи-танымдық сағат өтті. Бұл шараға қалалық №15 мектеп-лицейдің оқушылары  қатысты. Қазақ даласы ғарышқа ашыл­ған тұңғыш қақпа десек, еш қателеспейміз. Өйткені, осыдан 60 жылдай бұрын, нақтыласақ, 1955 жылы 12 ақпанда КСРО Жоғары Кеңесі ғарыш кеңістігін игеру үшін Қазақстан жеріне «Байқоңыр» ғарыш айлағын салу жайлы шешім қабылдаған еді. Нәти­жесінде, 1961 жылдың 12 сәуі­­рінде Кеңес Одағының азаматы Юрий Алексеевич  Гагарин алғаш болып ғарышқа жол ашты. Биыл осы оқиғаға 55 жыл толса, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің аспан кеңістігін бағындырғанына 25 жыл болады екен. Осылай сәтті сабақтасқан тари­хи даталы оқиғалар жайлы кітап­ханашы Тоты Тұрдыханқызы шараға қатысушы шәкірттерге де­рек­ті құжаттарды пайдалана оты­рып, қызықты мәліметтерді әңгімелеп берді. Шара соңында, мектеп түлектері арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып, ғарышкерлер өмірінен арнайы дайындалған слайд сабағын тамашалады. «Егемен-ақпарат».