АСТАНА. 13 сәуір. Астанадағы демалыс орындарының біріне айналған «Думан» ойын-сауық орталығы сатылды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Елорда тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған кешен электронды сауда арқылы 3 млрд 403 млн 500 мың теңгеге өтті. Отыз мың шаршы метрге жуық аумақты алып жатқан нысанға иелік етуге екі өтініш түскен. Бұған дейін ол Астана әкімдігі коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасының есебінде тұрған. Байқау шарттарына сәйкес, «Думанның» көңіл-көтеру қызметтері кемінде 10 жылға сақталуы тиіс. Океанариум сонша уақыт қызмет етуі шарт. Ал жасанды теңіз бен нысанның өзі жаңартылып, шатыры жөнделуі қажет. «Қазір сатып алу келісімшартына қол қойылып жатыр. Аяқталғаннан кейін алған адам өз атына тіркейді. Екі компания өтініш білдіріп, бағаны жоғары қойған адамға ойын-сауық орталығы сатылды. Айта кетейік, ел үкіметі 2016-2020 жылдарға жекешелендірудің кешенді жоспарын құрып, сатылымға қойылатын ұлттық холдингтер мен ірі компаниялардың тізімін жариялаған болатын», – деді Астана қаласы коммуналдық мүлік және мемлекеттік басқару басқармасының бөлім басшысы Ұлан Құдайберген. Талғат Райымбек. Дерек: 24.kz. Фото: friends.kz.
Экономика • 13 Сәуір, 2016
Астанада «Думан» ойын-сауық орталығы сатылды
Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеген халықаралық онлайн-казино желісі әшкере болды
Қылмыс • Бүгін, 09:59
Грузияда есірткімен ұсталған Қазақстан азаматы өмір бойына сотталуы мүмкін
Есірткі • Бүгін, 09:52
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізудің үш кезеңнен тұратын формуласын ұсынды
Әлем • Бүгін, 09:40
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде Олимпиада чемпионын жеңді
Спорт • Бүгін, 09:23
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:11
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше