Алаш партиясының қайраткерлері туралы бүгінде аз жазылып жүрген жоқ. Былтыр ғана 100 жылдығын атап өткен, исі қазақтың, Ахмет Байтұсынов сөзімен айтқанда, «көзі, құлағы һәм тілі» болып табылған «Қазақ» газеті жабылған соң, 1920-1926 жылдары Ташкентте «Ақ жол» газеті ашылып, оқырманға жол тартқан болатын.
Жақында осы газеттің жинақталған нұсқасы «Қазақпарат» баспасынан 10 том кітап болып шығып, республика бойынша кітапханалар мен оқу орындарына таратылды. Оны қазіргі емлеге аударып, баспаға әзірлеген – халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Шымкенттегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейдің директоры, өткір мінез, отты өлеңдерімен танылған ақын Ханбибі Есенқарақызы болатын.
Сондай-ақ, 1922-1923 жылдары небәрі 8 саны жарық көрген «Шолпан» (қазіргі «Жұлдыз») журналының да толық саны жарық көрді. Бұл журнал Өзбекстанның архивінен табылса, «Ақ жол» газеті – Алматы, Ташкент, Мәскеу мұрағаттарынан талмай іздену нәтижесінде қолға тиіп отыр.
Ханбибі Есенқарақызы алғашында «Ақ жолдың» 10 кітабын өз күшімен шығара бастайды. Ары қарай мүмкіндігі жетпейтінін байқап, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына келіп, жағдайды айтады. Небәрі үш адамның осыншама қыруар еңбекті жасағанына таңданған министр: «Мынау бір ғылыми-зерттеу институтының атқаратын жұмысы ғой, біз мұны мемлекет есебінен шығаратын боламыз!» – деп уәде етеді. Айтқанындай-ақ, министрліктің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Шолпан» мен «Ақ жолдың» 10 томын 22 мың дана таралыммен басылып шығуына ықпал етеді.
Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында «Ақ жол» газетінің архивтен табылып жинақталған материалдары бұдан басқа тағы 10 томға жүк болмақ. Ал барлығын қосқанда келешекте 30 томды құрайды деп жоспарлап отыр ақын, зерттеуші Ханбибі Есенқарақызы.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
ШЫМКЕНТ.

Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеген халықаралық онлайн-казино желісі әшкере болды
Қылмыс • Бүгін, 09:59
Грузияда есірткімен ұсталған Қазақстан азаматы өмір бойына сотталуы мүмкін
Есірткі • Бүгін, 09:52
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізудің үш кезеңнен тұратын формуласын ұсынды
Әлем • Бүгін, 09:40
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде Олимпиада чемпионын жеңді
Спорт • Бүгін, 09:23
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:11
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше