19 Қаңтар, 2011

Жаңа мәлімдеме қабылдады

531 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Үкімет осы арқылы Ұлттық Банк және Қаржы қадағалау агенттігімен 2011 жылы бірлесе жүргізетін негізгі саясатын айқындады Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің 2011 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі қабылданды. Ол мәлімдеме халықты және бизнес өкілдерін ағымдағы жылға арналған экономикалық саясаттың басымдықтары туралы хабардар ету мақсатында әзірленді. Осы бойынша баяндама жаса­ған Экономикалық даму және сау­да министрі Жанар Айтжанова ал­дын ала бағалау бойынша, ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі 2010 жылы 7%-ды құрап, жұмыс­сыз­дық деңгейі 2010 жылдың соңында 5,5%-ға дейін төменде­ген­дігін, халықтың жан басына шаққандағы табысы нақты көрі­ніс­те 6,3%-ға, нақты жалақы 7,5%-ға өсіп, инфляция 7,8%-ды құрағандығына тоқталды. Бюджет саясатында бірінші кезекте әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыру басым бол­ды. 2010 жылға арналған рес­пуб­ликалық бюджетте қарасты­рыл­ған зейнетақы төлеу, әлеуметтік төлемдер және бюджет сала­сы­ның қызметкерлеріне жалақы тө­леу бойынша барлық әлеуметтік міндеттемелер өз мерзімінде және толық көлемде қаржылан­ды­рылды, деді министр. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Беларусьтің, Қазақстан­ның және Ресейдің Кеден одағы жұмыс істей бастады, ол үшінші мемлекеттерге қатысты бірыңғай сауда саясатын жүргізеді. 2010 жылдың 1 шілдесінен басталған бір­тұтас кеден аумағын қалып­тас­тыру ісі бірте-бірте еліміздің өт­кі­зу рыногын 16 млн. тұтыну­шы­дан 168 млн. тұтынушыға дейін ұл­ғайтуға мүмкіндік беріп, қа­зақстандық тауар өндірушілердің Кеден одағына мүше елдердің кө­лік инфрақұ­рылымына қол жеткізуін, сондай-ақ қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің қозға­лы­сының еркіндігін қамтамасыз ететін болады. Жанар Айтжанованың ай­ту­ын­ша, 2011 жылы Қазақстан Үкі­меті, Ұлттық Банк және Қаржы қа­дағалау агенттігі жүргізетін эко­номикалық саясат негізінен Қазақстан экономикасының бәсе­ке­ге қабілеттілігін арттыруға, эко­номиканы әртараптандыруға, соның ішінде ең алдымен индус­триялық-инновациялық даму бағ­дарламасын жүзеге асыруға, жұ­м­ыспен қамтудың тұрақтылығын және халық табысының өсуін қам­тамасыз етуге, білім беруді, денсаулық сақтауды және тілдерді дамытуды қосқанда адами капиталды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асы­руға бағытталатын болады. Соның ішінде бәсекеге қабі­лет­тілікті арттыруға макро­эко­но­ми­калық тұрақтылықты қамта­ма­сыз ету, инвестициялық және бизнес ахуалды жақсарту, инсти­тут­тық даму, технологиялық және ин­новациялық даму дең­гейі, ел­дің адами ресурстарының сапа­сын дамыту, сондай-ақ Кеден ода­ғы және Біртұтас экономи­ка­лық кеңістік шеңберінде сауда кедергілерін азайту және эконо­ми­калық бірігуді кеңейту есебінен қол жеткізілетін болады. Бизнес үшін қосылған құны жоғары өндірістерді қолдаудың жүйелі шаралар тобы, жаңа технологиялар трансферті, отандық инновациялық шешімдерді әзір­леу, экспорт өнімінің жоғары­лауы, өнім шығаруға ұзақ мерзімді тапсырыс қамтамасыз етілетін болады. Бизнеске шикізат емес экспортты одан әрі жыл­жытуда және жаңа технология­ларды енгізуде жүйелі көмек көрсетілмек. Ішкі рынокта бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу және баға тұрақтылығын реттеу 2011 жылғы экономикалық сая­сат­тың негізгі басылымдықтары­ның бірі болып табылады. Бұл үшін Үкімет және жергілікті ат­қа­рушы органдар тарапынан көтер­ме (коммуналдық) азық-тү­лiк базарларын және сауда ин­фра­құрылымын дамыту, ішкі рынок­ты отандық өніммен молық­тыру, табиғи монополия субъекті­лері­нің қызметіне баға белгілеуді реттеу жұмыстары жалғастыры­лады. 2011 жылы Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы қадағалау агент­тігі жүргізетін экономи­ка­лық саясат нақты ІЖӨ-ні 4-5 %, инфляцияны 6-8 % деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Мәлімдеме жобасында осы мәселелер жан-жақты қамтылған. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.