16 Сәуір, 2016

Өркениеттің іргелі қазынасы

319 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
абдоллаевТаяу арада Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жө­ніндегі саммит тәуелсіз тарихына ширек ғасыр толғалы тұрған Қазақстанмен бірге, бүкіләлемдік прогресшіл халықтар ортасында маңызды оқиға болды. Осы әлемдік басқосуға қатысушылар халықтар тағдырына төнген сын-қатерлерді ой елегінен өткізіп, оны ауыздықтаудың жолдары мен амалдарын іздеді. Осыдан алты жыл бұрын өткен жаһандық үнқатысу ядролық қауіпсіздікті барынша шектеудің шараларын белгілеген болатын. Алайда, бұл саладағы проблемалар сонда белгіленген міндеттер межесіне жақындау орнына, тіпті, алшақтап кеткен сияқты көрінді. Осындай әлемдік аса маңызды және жауапкершілігі өлшеусіз басқосуда халықаралық саясаттағы күрделі ахуал, санкциялық қарсы тұрушылық, тұрақсыздықтың жаңа ошақтарының пайда болуы мен «созылмалы жанжалдардың» қайта бықсуы ынтымақтастықтың жаңа пішіндерін іздеуге итермелеп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, нақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік бас­тамалары әлемге аса қажет жаңа леп әкелуде десек, шындықтан тым алшақ кетпегеніміз. Осы сөзіміздің айғағындай, саммит шеңберінде Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді. Бұл бағдарламалық құжат саммит алаңдарында кең көлемді талқылауларға арқау болса, енді, міне, дүниежүзіндегі бейбіт еларалық қатынастарды қолдайтындар тарапынан да баламасы жоқ бастама ретінде ба­ға­­­ланатыны ешбір күмән кел­тірмейді. Осындай Жер шарының ай­мақтарында қантөгісті жан­жал­­­дар­ға тежеу қою жолдарын болжаған Қазақстан басшысының БҰҰ отырысында жария еткен ұсыныстары, біздің пайымдауымызша, баға жетпес бағдарлама. Шынтуайтында, жаңа ғасыр ба­сында әлемде қалыптасқан ал­мағайып ахуал ядролық қауіп­сіздік мәселесіне бейжай қарау бүкіл адамзат тағдырына теріс қарау деп бағалаумен тең. Өйт­кені, алыс-беріс артып, өзара тығыз байланысқа түскен мемлекеттер бір-бірінен тәуелсіз болып, адамзат аңсаған өркениет арнасына толық қолы жетуі мүмкін емес. Қазақстан Республикасы атынан оның басшысын терең ойландырып келген аса өзекті проблемаларды ашық ортаға салуының маңызы да осында. Н.Ә.Назарбаев сол БҰҰ мін­­­­­­бесінен жария еткен ұсы­ныстарында аспан ас­ты, жер үстін мекендеген адам­дардың бүгінде өзінің бола­шағына алаңдап, ши­рыққан шиеленістердің шеші­мін табуға талпынып жатқан жайын әділ және дәлелденген мысалдар негізінде баяндап берді. Адамзат тәжірибесі бойынша тек қоғамдық-саяси тұрақтылық қана жарқын өмірді қамтамасыз етуге жол ашатыны прогресшіл ортаға аян. Әлемнің әр шалғайындағы елдер арасында достық қарым-қатынас орнату уақыт талабына айналғанын жеке басы мен отбасы, жалпы қоғам болашағын көздегендер ғана объективті баға­лай алады. Бұл орайда, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың баян­дамасында көпұлтты және көп­конфессиялы қазақстандықтар алдына қойған мұраттарына ұм­тыла отырып, бейбіт күн астында жеткіншектерін тәрбиелеуден артық бақыт жоқ екенін дәлелдей келе, оны насихаттап қана қоймай, ХХІ ғасырдың қауіп-қатерлеріне қарсы күресуге қабілеттілігін се­німді аргументтер арқылы көр­сетті. Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасыр толғалы тұрған тарихында сарабдал саясатын тынбай насихаттап, халықаралық биік мінберлерден үнемі ізгі ниетті, игі идеялар көтеріп жүргені әлемге аян және көзіқарақты орта жоғары бағалап келеді. Ал БҰҰ мінберінен жария етілген манифест те сондай бағалы бастамалардың жалғасы болса керек. Бұл – ең әуелі әлем әлеуетін әрқилы қиындықтарға қарамастан, бейбіт қатар өмір сүруге, рухани, адамгершілік асқақ сезімдерді құрметтеуге шақырған аса ма­ңызды бағдарламалық құжат. Қазақстан Республикасының Пре­зиденті адамзат басынан кешкен қанды қырғындардан сабақ алып, өркениет болашағының қан­­төгіс­сіз жолмен дамуына назар ауда­рады. Оған озық ойлы қоғам өкіл­­­­де­рі аса зор ықылас танытып отыр. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің табалдырығынан бастап алапат қарудан бас тартқан төрткіл дүниедегі тұңғыш мемлекет болуы басқаларды өзінен үлгі-өнеге алуға шақырып тұрғандай. Біздің ойымызша, болашақ таңын ойлаған орта мұндай белсенділікке тек ықылас білдіреді ғой. Ілгеріде, атомды бейбіт мақсатта қолдану бағдарламасын жүзеге асыруды қолдаушы елдерге әлемдік саясатта қоқан-лоқы көрсету арқылы танылып келген мемлекеттер олар ядролық қаруды қолдануға ұм­тылуда деген жала жапқаны жа­с­ырын емес. Бұдан 25 жыл бұрын Елбасы өз Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын жапты. Содан кейін ғана ядролық державалар атом қаруын сынауға шектеу (мораторий) қойған еді. Ал былтыр БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақ­стан­­­ның бастамасымен Ядролық қарудан азат әлем құру жөнінде дек­­­ларация қабылдағаны баршаға аян. Сондай-ақ, 2015 жылы Қазақ­станда Төмен байытылған уран банкін құру туралы уағда­ластыққа қол жеткізілді. Қазақстан атом қуатын бейбіт мақсаттарға пай­далануға мүдделі екендігін іс жүзінде көрсетті. Н.Назарбаевтың манифесі бүкіл әлем елдері басшыларына жойқын қарулар түр­лерін тежеп, тіпті, жоюға жол сілтейді деп ойлаймын. Манифестің басты мақсатынан ой түйіндейтін болсақ, ол – дер кезінде көтерілген бастама. Сәуір айының басында Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіп­сіздік жөніндегі саммитті өте жо­ғары бағалауымыз керек. Се­бебі, соңғы кездері ядролық қауіп сейілудің орнына, қайта күшейіп барады. Оның үстіне, ядролық қа­рудың жан-жаққа тарау қаупі де басым. Елбасы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында жа­рия­лаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде: «БҰҰ-ның Қару­сыздану жөніндегі конференциясы қызметінің жаңа стратегиясы қажет. Алдымызда сапалы тұр-ғыдан жаңа қатер – содырлардың қолында аса қауіпті қаруға айналуы ықтимал киберқылмысты алас­таумен айналысу міндеті тұр», деп шегелей айтқаны да осындай түйінді мәселеден туындаған еді. Өйткені, ядролық қарудың жүгенсіздердің қолына түсіп қалу қаупі де ойландырады. «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі Н.Назарбаевтың Карнеги қорының штаб-пәтерінде АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен өткен кездесуінде жан-жақты тал­қыланды. Бұл өз кезегінде АҚШ сияқты алып мемлекеттің ядролық қарудың таратылуының арты үлкен қауіпке ұласатынын терең түсініп отырғандығын білдіреді. Ал Елбасының аталған саммит аясында манифест жариялайтын жөні де, жолы да бар. Себебі, осыдан ширек ғасыр уақыт бұрын Қазақстан – ядролық қарудан бас тарту туралы шешім қабылдаған мемлекет ретінде өзінің ресми сая­сатында мәмілегерлік, бейбіт бас­тамаларымен жаһанға жан-жақты сарапталған қадамдар жасады. Елбасының манифесіндегі тағы бір бейбіт орта назарына қонымды ой – ол ядролық қаруға қатысты билік басындағылардың жауапкершілігі туралы екенін батыл айтуында болса керек. «Мем­­­лекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін негіз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үнқатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек», деген­ді айта отырып, Елбасы тарапынан мейлінше мәмілегерлік тәсіл­дерге көбірек жүгіну керек екендігін, көрегендікті, әлем тұр­ғындарының баршасына деген қамқорлықты көреміз. Бұл ретте манифестің маңызын әлем халқы жан-жақты талдап, таразылап, оң бағалағаны жөн болар еді. Адамзаттың, әлемнің тыныштығына алаңдаушылық және осы замандағы қауіпсіздіктің өткір мәселелерін жұмсарту туралы құнды ұсыныстары бар онда. Н.Ә.Назарбаев манифесінде 2016 жылы Қазақстанда БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыруды ұсынады. «ХХІ ғасырда қиратып, бүлдіруге әкелетін соғыстар мен жанжалдардың алдын алу мақсатында халықаралық құ­қықтың қағидаттарын қуат­­тау керек. Ақыл мен үнқаты­суға, сабырлылық пен пара­сат-пайымға шақыру жаһан­дық әлемге қарсылардың ақ­па­раттық шабуылдарының құр­бандықтарына айналмауы тиіс. ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек!» – деген сөзі енді кезек күттірмейтін және дереу қолға алатын мәселе. Ойымызды түйіндей келе айтарымыз, Қазақстан басшысы ендігі жерде ядролық қауіп­сіздікке қатысты сөзден іске кө­шу керек екендігін манифесте көрсетіп берді. Тәуелсіздігіміздің мерейтойы қарсаңында Елбасының БҰҰ биік мінбесінен адамзаттың аса өзекті проблемасы туралы манифест жасауы соңғы ширек ғасырдағы Қазақстанның асқақ мәртебесін айқындайтыны анық. Кім болсын, әлем елдері мен нәсіл және діни ұстанымдар қалайша шиеленісіп жатқандығын ерекше толқыныспен ой елегінен өткізуде. Баршамызды үрейлендіретін әлем­нің түпкірлеріндегі қанды қақ­тығыстар ошағы пайда болып жатуында. Осылайша, әлем алаңдатарлық жағдайды бастан өткізу үстінде. Әйтсе де, біздің ертеңгі күннен үлкен үмітіміз бар. Олай дейтініміз, Елбасының бейбітсүйгіш сая­сатының әлеуетіне ерекше сенім артамыз. Жұртшылық жақында ғана Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитті жіті қадағалап отырды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осы алқалы жиын барысында жария еткен бейбіт бастамасына әлем тұр­ғын­дары тағы бір мәрте көз жеткізді. Қазақстан Президенті «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінде: «Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде, мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген өтінішпен қайырылып отырмын», деген-ді. Шынында, осы жиындағы Президенттің егер де соғыс бола қалған күнде жеңімпаз болмайды және бола алмайды, онда бәрі де жеңіледі деген тұжырымды ойын әлемдік қырғын қару әлеуетінен хабардар адамдар толық құптайды. Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінің маңызы өте зор. Қазақстанның бастамасы бойынша өткен жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қа­­ру­­­дан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ деклара­ция қабылдады. Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мани­фесі арқылы тағы да біздің ел­дің бейбіт бастамасы әлемдік деңгейде жоғары бағаланды. Тарихшы ғалым ретінде айтарым, тәуелсіздігімізге ширек ғасыр толғалы отырғанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың іргелі ұсыныстары әлемдік өркениет қазынасынан тиесілі орнын алатыны әбден аян. Нұртаза АБДОЛЛАЕВ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ақтөбе облысы