21 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасының Заңдары

354 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы 2009 жылғы 2 шілдеде Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын са­лықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 14-і. №386-IV ҚРЗ * * * Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі елшілігінің объектілерін салу үшін жер учаскесін беру туралы келісімді ратификациялау туралы 2009 жылғы 4 ақпанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі елшілігінің объектілерін салу үшін жер учаскесін беру туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 14-і. №387-IV ҚРЗ * * * Қазақстан Республикасының Заңы Асбесті пайдалану кезінде еңбекті қорғау туралы конвенцияны (162-конвенция) ратификациялау туралы 1986 жылғы 24 маусымда Женевада Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 72-сессиясында қабылданған Асбесті пайдалану кезінде еңбекті қорғау туралы конвенция (162-конвенция) ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы  қаңтардың 17-сі. № 388-IV ҚРЗ * * * Қазақстан Республикасының Заңы Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы 2010 жылғы 5 шілдеде Астанада жасалған Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы  қаңтардың 17-сі. № 389-IV ҚРЗ * * * Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы 2008 жылғы 22 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы  қаңтардың 17-сі. № 390-IV ҚРЗ * * * Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын салу және кейіннен пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы 2009 жылғы 11 қыркүйекте Орынборда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогын салу және кейіннен пайдалану туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы  қаңтардың 17-сі. № 391-IV ҚРЗ