21 Сәуір, 2016

Тәуелсіздіктің 25 жылы

425 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
логотип к 25 летию ДНК-1– елдің тұрақты және орнықты дамуындағы тағдыршешті кезең «Дағ­да­рыс­тар жеңуді үйретеді. Сон­дық­тан, қазір тұрақ­тылықтың құны арта түсуде. Тұрақты экономика, тұ­рақты саясат, тұрақты қоғам – біз әр­қашан ұстанып келе жатқан бағ­дар осы». Елбасы Н.Ә.Назарбаев Тәуел­­сіздік күніне арналған салтанат­ты жиында осылай деген болатын. Соңғы кездегі халық­аралық эко­но­мика мен гео­саясатта орын алып жатқан қолайсыз оқиғаларды ескерсек, Президент айтып отырған тұрақ­тылықтың мән-маңызы ерекше. Тәуелсіздіктің алғашқы сәті­нен мемлекеттік саясаттың бас­тап­қы негізі ретінде дамудың демо­кратиялық бағытын таң­да­ған біздің республикамыз саяси либералдану жолымен ілгері жылжып келе жатыр. Елде алға­шында баламалы негізде сайлау өткізудің тетігі қолданылды, аза­мат­тардың негізгі құқықтары мен бос­тандықтары, саяси плюрализм, ақпарат бостандығы, этностар мен конфессиялар теңдігі қағи­даттары бекітілді. Осыған байланысты республика қоғамдық қатынастардың демократиялық құқықтық негіздерін қамтамасыз ете отырып, өз егемендігінің ал­ғаш­қы күндерінен бастап тұрақты және орнықты дамуды нығайту жолы бойынша салмақты қадам жасады деп айтуға болады. Ақан БИЖАНОВ,Одан әрі саяси реформалардың әр кезеңі экономиканың даму деңгейімен байланыстырылған «Алдымен – экономика, содан соң – саясат» формуласымен жүре отырып, ел өзінің демократиялық әлеуетін еселеп байытты. «Біздің еліміз өзінің табысты даму моделімен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің қанша­лықты маңызды екенін көрсетті», деп атап өтті Прези­дент өзінің «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласында. Осыған орай тұрақтылықты қам­та­масыз ету жолында жалпы­халықтық референдумда қолда­ныс­тағы Конституцияның қабыл­дануы маңызды қадам болды. Бұл – Қазақстан мемлекеті мен қоғамының барлық тіршілік салаларын реттейтін негізгі құқық­тық құжат. Конституциямыз қа­был­данып, қолданылғалы бері бірде-бір саяси келіспеушілік дағ­да­рысқа дейін ушыққан жоқ, барлық қарама-қайшылықтар конституциялық рәсімдер шең­берінде шешілуде. Конституциялық құрылыстың мызғымастығы мемлекеттің эко­но­микалық, саяси, әлеуметтік тұрақ­тылығының негізін құрай­тын фактор болып табылады. Билік­тің барлық құрылысына тұтас­­тық­ты, орнықтылықты және бас­­қарушылықты беретін, ең бастысы – тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды тетік – президенттік институт болып табылады. Ата Заңға сәйкес, республика Президенті халық тұтастығы мен мемлекеттік би­ліктің, Конституцияның мыз­ғы­мастығының, адамдар мен аза­маттардың құқықтары мен бос­тандықтарының нышаны және кепілі болып табылады, сондай-ақ, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін және билік органдарының халықтың алдындағы жауап­кер­шілігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, Мемлекет бас­шысының уәкі­­­леттіліктерінің кең ауқымды болуы басқарудың бірізділігін, ше­шім­дердің ұтқыр­лығын және ел дамуындағы дағ­дарысты және өтпелі сәттерде барлық мемлекеттік ресурс­тарды жұмылдыру мүм­кін­­дігін қам­тамасыз етеді, бұл едәуір дәре­жеде тұрақтылық пен жағ­­­дайды бақылап отырудың әлеуе­­­тін көтереді. Оның айшықты дәле­лі – жалпыхалықтық қолдауға және әлем­дік танымалдылыққа ие бол­ған ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметі, ол бүгін­гі таңда еліміз дамуының тұрақ­­ты­­лығы мен орнықтылығын қамта­ма­сыз ететін басты фактор болып табылады. 1996 жылы жұмысын бастаған кәсіби қос палаталы Парламент елдің қоғамдық-саяси өмірін елеулі түрде тұрақтандырушы әлеуетке ие. Парламентаризм тәжірибесінің даму мүмкіндігіне қарай жоғары заң шығарушы орган конституциялық құрылыс жүйесінде елеулі рөл атқара түсуде. 2007 жылы қабыл­данған заңнамаға енгізілген түзе­ту­лер өкілетті органдардың уәкі­леттілігін түрлі деңгейдегі бюд­жеттерді қалыптастыру және бақы­лау, заңнамалық орган­дар­­дың алдындағы атқарушы билік органдарының есептілігі, жоға­ры мемлекеттік лауазымдарға таға­йындау кезінде кандидатураларды келісу тұрғысынан кеңейтті. Төмен­гі палата таратылған жағ­дай­да заң шығару қызметін жүзе­ге асыру құқығын алған Сенат­тың тұрақтандырушы қызметі артты. Бір мезгілде Үкіметті қа­лып­тастыруға қатысты Парла­менттегі сая­си партиялардың рөлі нығайтылды. Тұтастай алғанда, тәуелсіздік жылдарында елдің заң шығарушы органы 2000-нан аса заң қабыл­дады, оның 90%-дан астамын қа­зіргі қос палаталы Парламент қабылдады. Қабылданған заңдар мемлекетіміздің тұрақты және ор­нықты дамуының берік құқық­тық тұғырнамасына айналды. Қазақстандағы халықтың поли­этностық құрылымы жағ­дайында тұрақтылық пен азаматтық бей­бітшілікті сақтау үшін ұлттық сая­сат пен діни сенімдері әртүр­лі адамдардың арасындағы толе­рант­тылық мәселелері елеулі ма­ңыз­ға ие. Ел Президенті ұлт­ара­лық келісім біздің басты құн­ды­лығымыз екенін бірнеше рет атап көрсетті. Тәуелсіздік жылдарында теңгерімді және сарабдал ұлттық сая­сат жүргізудің арқасында елімізге ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың орнығуына, ұлттық-рухани жаң­ғыру мен еліміздегі барлық этнос­тардың тең құқылы дамуына жол ашылды. Қазақстанда 18 конфессия атынан өкілдік ететін 3 мыңнан астам діни бірлестік бар. Мемле­кет­тің бұл мәселедегі нақты ұста­нымы, ол – рухани тәрбие саласы қазақстандықтардың діни құқықтары мен бостандықтарын толығымен жүзеге асыру міндетіне сай болуы тиіс. Мемлекет басшысының бас­тамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді қамта­ма­сыз ету функциясын орындай­тын тиімді тұрақтандырушы инс­­титутқа айналды. Айрықша конс­­титуциялық мәртебеге ие, Пар­ламентте депутаттық өкілдігі бар Ассамблея Қазақстандағы бар­­лық этностардың мүдделерін біл­діре отырып, қоғам өміріне, заң­дар­ды талқылау және қабылдау үдері­сіне белсенді қатысып отырады. Елдің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз ету тұрақ­ты­лықтың маңызды база­лық құ­рауышы екені белгілі. Бұл тұр­­ғыдан Қазақстанның эконо­ми­ка­лық саясаты тұрақты өсімді мақсат етеді. Әлемдік экономикалық дағдарыстың еліміздің дамуына шынайы әсерінен туындаған қиындықтарға қарамастан, бізге нарықты трансформациялық өз­гертудің, тұрақты банктік-қар­­­жылық жүйені орнатудың, мен­­шіктік-кәсіпкерлік класты құру­дың, стратегиялық сала­лар­ға мем­лекеттің бақылауын қам­та­ма­сыз етудің, қолайлы инвес­ти­ция­­лық ахуал жасаудың сәті түсті. Уақтылы қабылданған ша­ра­­­лардың арқасында респуб­ли­ка соңғы жиырма жыл ішін­дегі әлем­дік экономикалық дағда­рыс­тың салдарын дер кезінде және табыс­ты шеше алды. Сондай-ақ, қазір­гі заманғы экономикадағы әрі мемлекет өмірінің басқа сала­ларындағы проблемалық мәселе­лер­ді өз ретімен шешіп келеді. Жоғарыда аталған экономи­калық оң үдерістер қоғамдағы әлеу­меттік тұрақтылықты нығай­ту үшін үлкен маңызға ие, өйт­кені, ол халықты тұрақты жұмыс­пен қамтамасыз етуге, яғни тұрақ­ты та­быс көзімен және басқа да әлеу­меттік-экономикалық игі­лік­­термен қамтамасыз етуге мүм­кін­дік береді. Мемлекет әлеуметтік тұрақты­лықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын, орта тап санатын қалыптастыратын тетік ретінде кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Аталған әлеуметтік топ санаты өзінің еңбекпен тапқан мал-мүлкін сақтаудың және көбейтудің кепілі болып табылатын қоғамдық тыныштық пен тәртіпті сақтауға мүдделі болады. Аталғандарды ескерсек, рес­пуб­ликамыз ұзақ мерзімде бағ­­дарға алатын әлеуметтік стра­ти­фикациядағы нысаналы өл­шем­шарттар орта тап санаты халықтың 50-70%-ын құрайтын дамыған елдердегі ұқсас көрсеткіштер болып табылады. Азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету әлеуметтік тұрақтылық үшін ерекше маңызды, ол – өзімен бірге интегралдық қасиетке ие және қоғамның ты­ныш­тығын айқындайтын бар­лық басқа факторлардың негізі. Ол қоғамға айрықша біртұтастық қасиет береді және экономиканың, саясаттың, рухани-идеологиялық өмірдің тұрақтылығына әсер ете­­ді. Әлеуметтік тұрақтылық адам­­­дардың сұранысын қанағат­тан­дыру, олардың мүдделерін, құндылықтары мен мақсаттарын өз әрекеттері арқылы іске асыруына қарай қалыптасады. Әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ететін факторлардың ішін­дегі дараланатындары: әлеу­мет­тік теңдік; әлеуметтік ынты­мақ­тастық пен әріптестік; мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауап­кершілігі; халық­тың жұмыс­пен және тұрақ­ты кіріс­пен қам­та­масыз етілуі; тұрғын үйдің, білім беру­дің, денсаулық сақтау мен мәдениеттің кең көлем­дегі түрі, жоғары сапасы мен қол­жетімділігі. Әлеу­мет­тік тұрақ­ты­­лық­ты нығайтуға әлеуметтік кепіл­­діктер мен аза­мат­тардың өз тағдырына жеке жауапкер­шілі­гінің аралас жүйесін негіз етіп алатын әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарына өту жәрдемдесе­тін болады. Президент атап өткен­дей, мұндай саясаттың басты мақ­саты – халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, Қазақстанда кедейшілік пен әлеуметтік теңсіздіктің өсуіне жол бермеу. Азаматтарға ең төмен­­­гі әлеуметтік стандарттарға кепіл­­дік бере отырып, мемлекет ха­­лықтың негізгі өмірлік сұра­­ныс­­тарын қанағаттандыру үшін жағдай жасайды. Соған қара­мас­тан, көрсетілген әлеумет­тік ынты­мақтастық шарасы шең­берінде мемлекет халықтың көмек­ке объек­тивті түрді мұқтаж тобына ғана қолдау көрсететін болады. Әлеуметтік қорғау жүйесін күшейту шеңберінде бұдан әрі атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайту, әлеуметтік мақсаттағы көрсетілетін мемлекеттік қыз­мет­тер түрлерін кеңейту күтіле­ді. Заңды экономикалық өндіріс өрісіндегі, соның ішінде халықты зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік тұрғыдағы өзге де мәселелерді шешу мақсатында «өзін өзі жұмыспен қамтығандар» деп аталатын халықтың санатын тарту жөніндегі жұмыс­тар жалғасын табуда. Соны­мен бір мезгілде, іскерлік баста­ма­шы­лық­ты ынталандыру жолымен жұмыспен қамтуды арттыруға, қолайлы инвес­тициялық жағдай жасауға, жаңа өндірістік қуаттар мен қызмет көрсету салаларын дамыту жолымен жұмыс орын­дарының санын ұлғайтуға бағыт­тал­ған шаралар топтамасын ке­ңейту көзделуде. Қоғамның тұрақтылығымен қатар, мемлекеттің, бизнестің және жалдамалы жұмысшылардың ынтымақтастық пен әріптестікті жүзеге асыруы, туындаған шие­ле­ністерді өркениетті шеше алуы, келіссөздердің көмегімен әлеу­меттік бейбітшілікке, ымыра мен бәтуаға қол жеткізуі сияқты ма­ңыз­ды қасиеттеріне мән бермей өту­ге болмайды. Осы тұрғыдан мемлекеттің, кәсіподақтардың және жұмыс берушілердің арасындағы келіс­сөздердің заңды белгіленген рәсім­дері – трипартизм, сондай-ақ, ком­панияның қоғам өмірін жақсар­туға және қоршаған ортаны қорғау­ға қатысу жөніндегі ерікті шеші­мін білдіретін корпоративтік әлеу­меттік жауапкершілік тетіктері маңыз­ды. Қазақстанда трипартизм фун­кциясын республикалық үш­жақ­ты еңбек және әлеуметтік қаты­настар саласындағы Әлеумет­тік әріп­тестік комиссиясы орындауда. Сонымен бірге, соңғы уақыт­тарда бұрынғы трипартизмнен түбегейлі түрде өзгешеленетін әлеуметтік әріптестіктің жаңа жүйе­сі әлемде кеңінен қолда­нылу­­да. Жаңа жүйенің ескі жүйе­ден басты айырмашылығы оған кәсіп­одақ­тармен бірлесіп бүгінде даму­дың жаңа жолына түскен, әлеу­меттік-экономикалық және сая­си қатынастардың елеулі фак­торына айналған азаматтық қоғам ұйымдарының белсенді қаты­суында. Осы үрдісті ескере оты­рып, елімізде азаматтық қоғам­ның дамуына қарай әлеу­меттік өзара іс-қимылдың көрсетілген үлгісіне сатылай өту жүріп жатыр. Қоғамды тұрақтандыруда даму­­дың материалдық емес фак­тор­ларына аз көңіл бөлінбей­тіні белгілі. Бұл орайда, «Мәңгілік Ел» және «Ұлы Дала елі» тұжы­рым­дамаларын іске асыру­дың маңызы ерекше. Елімізде ұлттар бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға, патриотизмге тәрбиелеуге бағыт­талған бұл бағдарламалар – елдегі тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етудің кепілі, рухани қозғаушы күші болары анық. Ақан БИЖАНОВ, Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, саясат­тану ғылымдарының докторы