21 Сәуір, 2016

Жайылым туралы заң

374 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
02.jpg-02-09жобасы бойынша қорытынды әзірленетін болды Кеше Парламент Мәжілісінде палата Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен кезекті жалпы отырыс болды. Күн тәртібіне төрт мәселе шығарылған еді Соның ішінде «Жайылымдар туралы» заң жобасы бойын­ша қоры­тынды әзірлеу мәселесі бірін­ші болып қаралды. Бұл заң жоба­сы депутаттардың бас­­та­машы­лығымен бесінші ша­қы­­рылымда әзірленген екен. Жобаның авторы – депутат Жексенбай Дүйсебаев. «Егеменнің» жылжабар айдарына берген сұхбатында ол осы күнге дейін елімізде жайы­лымдар туралы заң жоқ екенін, сол үшін аталған заңды әзір­легенін айтқан. Енді заң жобасы Үкіметте қаралып, қабыл­дану үшін Парламентке келіп отыр. Заң жобасы туралы палатаның Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров баяндады. Оның айтуына қарағанда, бүгінгі таңда республикада шамамен 188 млн. гектар жайылым бар. Соның 80 млн. гек­тары, яғни 43 пайызға жуығы ғана пайдаланыла­ды. Оның ішінде 27 млн. гектар тозған және олар­дың басым бөлігі елді мекендерге жақын орналасқан жерлерге тиесілі. БҰҰ-ның ха­лық­аралық сарапшыларының дерегіне қарағанда, одан келетін шығын жылына 1 млрд. долларды құрайды екен. Елімізде осы уа­қытқа дейін жайылымдар туралы заң болмағандықтан, олардың құнарын сақтаудың, тиімді пайдаланудың құқықтық нормалары жоқ. Мына заң жобасы солардың бәрін ескерген, деді баяндамашы. Депутаттар заң жобасы туралы қорытын­ды әзірлеу үшін желтоқсан айына дейін мерзім беруге келісті. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары «Жайы­­лымдар туралы» заң жобасының ілес­пе құжатын да жұмысқа қабылдады. Жалпы отырыста Қазақстан мен Ха­лық­­аралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Макро­экономикалық басқару және экономи­каның бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) ратификациялауға арналған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі де белгіленді. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе Қазақ­стан мен Македония арасындағы инвес­ти­ция­ларды көтермелеу және өзара қорғау тура­лы үкіметаралық келісімді ратифи­кация­­лауға қа­тысты заң жобасы жөнінде бола­тын. Бұл келі­сімге сәйкес әрбір тарап өз аума­ғында екін­­ші тарап инвесторларының инвес­тиция­лары мен инвестицияларынан түс­кен кіріс­тері­не әділ және тең құқылы режі­мін, со­ндай-ақ, олардың толық қор­ғалуын қамтамасыз етеді. Заң жобасы бойынша Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев баяндама жасады. Ол келісімнің екі жаққа да тиімді екендігін дәлелдеп берді. Қосымша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов заң жобасы инвестициялық ахуалды жақсартуға, өзара сауда-экономикалық байланысты нығайтуға ықпал ететінін жеткізді. Бұл – біздің елдегі инвестицияларды көтермелеуге және қор­ғауға арналған 49-шы құжат. Сондықтан, аталған заң жобасын ратификациялау Қазақ­станға тағы бір мемлекеттен инвести­ция тартуға ықпал етеді деп күтілуде, деді ол. Заң жобасы бірауыздан мақұлданды. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып бол­ған соң депутаттар орталық билік орган­дары­на ар­наған өздерінің депутаттық сауал­дарын жария етті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»