21 Сәуір, 2016

Бірінші кеңес аясындағы кездесулер

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Төрағасы Қ.ТОҚАЕВҚазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің Бірінші кеңесінің аясында Иран Парламентінің Төрағасы Али Лариджанимен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі Жүздесушілер Президент Н.Назарбаевтың таяуда Иранға барған ресми сапарының ерекше маңызын және оның барысында сауда-экономикалық саладағы ірі уағдаластықтарға қол жеткенін атап өтті. Әрқашан достық пен өзара қолдау рухында дамып келе жат­қан Қазақстан мен Иран қаты­нас­тары қазіргі кезде жаңа сатыда өрістеу үстінде. Төрағалар террорлық ұйымдар әрекетінің үдей түсуіне байланысты аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады. Экст­ремизммен күресте аймақ ел­дері­нің үйлесімді іс-қимылының қажеттігі атап өтілді. Қ.Тоқаев Иран пар­ламентшілерін 31 мамыр­да Астанада болатын «Діндер терроризмге қарсы» конференциясына қатысуға шақырды. Сол күні Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Ресей Федерациясы Фе­де­рал­дық Жиналысы Федера­ция Кеңесінің Төрайымы Вален­ти­на Матвиенкомен кездесті. Тарап­тар парламентаралық ынты­мақ­тастықтың қазіргі жағдайы, аймақтық ықпалдастық үдерістері және әлемдегі ахуал туралы пікір алмасты. 11 мамырда Федерация Кеңесі Төрайымының Қазақстанға ресми сапары басталады.