21 Сәуір, 2016

Медиа форум –

946 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
ERA_8989+дәстүрлі пікір алмасу алаңы Еуразиялық медиа форум – тәуелсіз, үкімет­тік емес орган. Ол жыл сайын халықаралық форум өткізіп, ғаламдық ауқымда ойлайтын саясаткерлердің, журналистердің, сарапшылардың басын қосып, еркін және барынша ашық пікір алмасу алаңын құрып беріп отырады. Пікір алмасу барысында әлемдегі және аймақтардағы тұрақтылықты сақтаудың соны жолдары да аталып, оларды үкімет басындағы саясаткерлердің құлағына жеткізу жұмыстары қатар жүреді Без имени-12002 жылдан бері елімізде өткізіліп келе жатқан осынау кең ауқымды халықаралық шара – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітсүйгіш саясатын, үнқатысу жолдарын іске асырудағы халық­аралық ауқымды істердің бірі болып келеді. Форумның жұмысына еліміздің айтулы БАҚ-тарынан басқа, CNN, Солтүстік Атлантика альянсы (NATO), Associated Press, Еуразия үйі, Кембридж уни­верситетінің «Еуразия» орта­лығы, International Herald Tribune, Еуроньюс, Russia Today, Халықаралық баспасөз институты, ИТАР-ТАСС, Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі, Германия-Қазақстан қоғамы, Британия-Қазақстан қоғамы, Батыс-Шығыс институты, Теле­визия өнері мен ғылымының халық­аралық академиясы (АҚШ), Аме­риканың Қазақстандағы сауда палатасы, Журналистер одағының халықаралық кон­фе­дера­циясы, Осы заманғы сая­сат­тың халық­ара­лық инс­ти­ту­ты сияқты әлем­дік және ха­­лық­аралық БАҚ, сарап­тама, зерт­теу ұйымдары мен қоғам­да­ры белсене атсалысады. Биылғы ХІІІ Еуразиялық ме­диа форумның негізгі тақырыбы әлем­дік экономика және Шығыс пен Батыс арасындағы босқын­дар проблемасына арналмақ. Соны­мен қатар, аймақтық және әлем­дік тұрақтылықты сақтаудағы БАҚ-тың рөлі туралы әңгіме қоз­ғал­мақшы. Өзінің бұл форум­ға бұрынырақта берген бағасында Қазақ­­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деген болатын: «Осы жылдар аралығында фо­рум халықаралық деңгейде кеңі­нен танылып, аумалы-төкпелі әлемнің ең өзекті проблемаларын тал­қылайтын алаңға айналып үлгерді және оларды шешудің жаңа жол­дарын табуға жол салды». 7Еуразиялық медиа форумның баспасөз хатшысы Татьяна При­лепинаның айтуына қарағанда, ХІІІ конференцияға әлемнің түк­пір-түкпірінен, нақты айтқанда, 50 елден 400 делегат келеді деп күтілуде екен. Солардың ішінде әлемдік деңгейдегі сарапшы саясаткерлер, жетекші экономистер мен медиамамандар бар. Атап айтқанда, АҚШ-тың арнаулы операциялар командованиесінің геосаяси мәселелер жөніндегі кеңес­шісі, доктор Параг Ханна, «Ұлттық брендинг» терминінің авторы, зерттеуші Саймон Анхольт, Грекия парламентінің депутаты, туризм экс-министрі Ольга Кефалоянни, ресейлік саясаттанушы Максим Сучков, Ливанның отставкадағы бригада-генералы, Таяу Шығыс проблемалары зерттеу орталығының директоры Хишам Джабер, RT (Russia Today) телеарнасының бизнес бағдарламалары дирекциясының жүргізушісі Оксана Деревянко сияқты белгілі қаламгерлер мен сарапшылар форумға келетіндігі жөніндегі айтыпты. ERA_8997+ ERA_8954+ ERA_9325Мұнда келген қонақтарға алдымен ЭКСПО-2017 көрмесінің тұсаукесері жасалады. Сондай-ақ, осы жерде қазақстандық  туризм және «100 нақты қадам» бағдарламасының көрмелері де сарапшылар мен журналистерге таныстырылады. Одан әрі форумның ашылу салтанаты болып, оны белгілі журналист Риз Хан жүргізіп отырады. Мұнда дәстүрлі түрде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауы оқы­лады. Сосын ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева сөз сөйлейді деп көзделген. Форумның алғашқы отырысы «Болашаққа апаратын «100 нақты қадам». Осы заманғы табыс­ты мемлекетті ұйымдастырудың жаңа жолдары» деген жалпы тақырыппен басталады екен. Онда әлемдік экономикалық дағдарыс, мұнай бағасының күрт құлдырауы, валюталардың тұрақсыздығы, инфляция сияқты мәселелер талқылаудың ортақ тақырыптарына айналатын кө­рінеді. Екінші отырыс «Әлемдік эко­номиканың бүгіні мен болашағы. Көшбасшы кім?» деген тақырыпта ой өрбітеді деп күтілуде. 2014 жыл әлемдік саясат пен экономикаға күрделі өзгерістер әкелді. Қазір экономикалық көрсеткіштерді жоғарылату жолындағы күрес үдеп тұр. Қытай экономикасының даму перспективалары қайда соғуы мүмкін. Газ жолындағы күрес, оның болашағы қандай? Табиғи газ геосаясаттың құра­лы бола ала ма? Ол әлемдік эко­номиканың энергетикалық секторына қаншалықты әсер етеді? Міне, осы сұрақтар отырыста талқыға түседі деп жоспарланған. Үшінші отырыс «Таяу Шы­ғыс. Мүдделер қайшылығы, болашақтың болжамдары» деген тақырыптарды қамтитын болады. Бүгінгі таңда аймақта тұрақтылық қалыптасқан жоқ. Керісінше, жарылыстар мен терактілер күніне ондаған жазықсыз адамның өмірін қиып жатыр. Қазақстанда ты­йым салынған «Ислам мемлекеті» (ДАИШ) деген құрылым әлі де әлемге үлкен қауіп тудырып отыр. Халықаралық коалиция қанша күш-жігер жұмсап жатқанымен, Ислам радикализмі Таяу Шығысты барынша жайлап, қалыпты тіршіліктің тынысын тарылтуда. Бұл өңірде орын тепкен мемлекеттер басшылары өз күштерімен террористік ұйымдарды ауыздықтай алар емес. Осындай жағдайда не істеу керек, қандай ұсыныстар мен ой қосулар болуы мүмкін деген сұрақтар осы отырыста кеңінен талқыланбақшы. Төртінші отырыс толығымен БАҚ-тың бүгінгі таңдағы мүм­кіншіліктері мен болашақтағы әлеуетіне арналып, «Ақыл-ой мен жүректі жаулап алу үшін күрес. ХХІ ғасырдағы ақпараттық соғыстардың ерекшеліктері» атты тақырыптарды талқылайды. Жаһандану үдерісі жағдайында адамдардың ақыл-ойын жаулап алу жолындағы күрес күн санап үдей түсуде. Өйткені, бұл жекелеген мемлекеттер мен адамдардың мүддесіне сай болып отыр. Жалған ақпараттың қалың бұқараны көтеріп, оның бойына радикалдық идеяларды сіңіре алады. Сөйтіп, жаппай тәртіпсіздіктер мен толқуларға жол ашады. Сон­дықтан, шыншыл ақпараттың әлеуетін барынша күшейту керек. Ақиқатты ақпарат саясат пен экономиканы ғана емес, бизнесті де алға ілгерілете алады. Алайда, көптеген медиа-корпорациялар мен олардың қожайындары ақпарат таратуды тек өздерінің ақша табар пайдалы қаруына айналдыруды көздеуде. Сондықтан, олар ақша түсетін болса, барынша жалған, лас ақпараттарды да қарша боратудан тайынбайды. Осындай адамзат үшін жасалатын қаскүнемдіктерге қалай қарсы тұруға болады? Қандай қарсы амалдарды қолдану керек? Міне, отырыста осы бағыттағы ой-пікірлер ортаға салынатын болады. «Брендинг елдің имиджін іл­герілетудің құралы» атты тақы­рып­тағы пікір алмасулар бесінші отырыста жүзеге асырылады деп күтіліп отыр. Бүгінгі таңда нарықты брендтерді дамыту стратегиясынсыз көзге елестетудің өзі қиын. Бренд қаржы активі ретінде таза табыс әкеледі. Сонымен қатар, тұтас мемлекеттің экономикалық өсімінің драйвері бола алады. Елдің брендингі – бәсекелестің маңызды факторы және инвес­тиция тартудың тамаша базасы. Сондықтан, маркетинг пен PR саласында брендинг қалыптастыру үшін елдің озық ақыл-ойлылары тер төгуде. Қысқасы, барынша та­нымал мемлекет болу үшін брендингті қалай қолдану керек деген мәселелер осы күнгі отырыстың негізгі талқыланатын тақырыптары болмақ. Ал үшінші – соңғы күнгі отырыстың тақырыбы футурология мәселесіне арналады. Соған орай, отырыстың тақырыбы да: «Футурология – қоғамды жа­һан­дық трансформациялау немесе болашақтың проблемаларын шешу жолдары» деп алыныпты. Болашақтың проблемалары, қоғам дамуының жаһандық заңдылық­пен даму жолдарын табу бүгінгі адам­заттың алдында тұрған өзекті ағымдардың бірі. Сондықтан, болашақты болжау ғылымын қандай жолдармен алып жүрсе дұрыс болады, болжамдардың бүгінгі жетістіктері болашақты қанағаттандыра ала ма, осы ба­ғыт­тағы ғылыми жаңалықтар қан­­дай деген мәселелер ортаға шығарылып, мамандар мен сарапшылар өздерінің ойларын айтатын болады. Соның ішінде «қазақстандық 100 қадамның рөлі» туралы шетелдік сарапшыларға өз пікірлерін айту ұсынылады. Форум жабылатын күні Дариға Назарбаева қорытынды сөз сөйлейді деп күтілуде. Одан әрі «Астана-мюзикл» сарайын­да форумға қатысушыларға ұйым­­дастырушылар атынан га­ла-қа­былдау жасалады деп жос­пар­лан­ған. Сонымен, ХІІІ медиа форум өз жұмысын осылайша аяқтайтын болады. Ой мен пікір еркіндігіне және алуандығына шек қойылмайтындықтан, оның жұмысы барысында белгіленген тақырыптардан ауытқушылықтар, басқа да өзекті проблемаларды ортаға салушылық орын алуы әбден ықтимал. Оны бұрынғы форумдардың тәжірибесінен білеміз. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»