Осы аптада Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, қазақ тілін ана тілінен артық білетін, өзге ұлттардан құралған командалардың қызықты жарысы өтті.
Қыздар университетінде өткізіліп жүрген Олимпиаданың дәстүрі бойынша өткен жылғы олимпиаданың жеңімпаздары қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мемлекеттік тілді меңгерген өзге тілді жастарды анықтау, ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында өткен білім сайысына Алматы қаласы ЖОО-дан 6 команда қатысты.
Өзге демесеңіз, жан-дүниесі мен тілі қазақша сайрайтын, қазақ тілінің майын тамызып сөйлегенде, қазақтан кем түспейтін жастар төрт кезең бойынша бақтарын сынады. Алдын ала жеребе тарту бойынша анықталған командалар «Білімдіден шыққан сөз» атты I айналымда «Қазақ елі, қазақ тілі – мәңгілік!», «Мемлекеттік тілді білу – азаматтық парызың!», «Ел ертеңі – білімді жастар», «Тіл, қоғам, мәдениет», «Бейбіт елдің ұрпағымыз» және т.б. ел, тілге байланысты тақырыптар бойынша слайд түрінде үйден дайындап келген тапсырмаларын қорғап, қазақ тілін қаншалықты деңгейде меңгергендерін көрсетті. Бұл сында сонымен қатар, таза сөйлеу мәнері де ескерілді.
Екінші «Сан сұрақ» турында қатысушылар әр ұяшықта жасырылған лексикалық, грамматикалық сұрақтарға жауап беріп, практикалық тапсырмаларды орындап, білімдерін сынады. Үшінші «Көркемсөз» кезеңінде өлең, қарасөз, ақпараттық-танымдық мәтіндермен қатар, прозадан үзінділерді мәнерлеп оқу, берілген мәтіннің идеясын түсіндіру бойынша сынға түсті. IV «Ұшқыр қалам» турында қатысушылардың қазақ тілінде эссе жаза білу, қазақша таза жазу сауаттылығы бағаланды. Әр кезеңде төрт команда бірінен-бірі оза шығып, мемлекеттік тілді жоғары деңгейде білетіндіктерін танытты.
Сайыс қорытындысы бойынша I орынды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Зерде» тобы, ІІ орынды Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Жалын» тобы мен Шетел тілдері және іскерлік карьера университетінің «Ұлан» тобы иеленді. ІІІ орынды Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің «Қыран» тобы, Алматы менеджмент университетінің «Өрлеу» тобы, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының «Сәулет» тобы өзара бөлісті.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді
Есірткі • Бүгін, 16:19
Өскеменде су мен кәріз қызметінің бағасы өзгерді
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қолдау орталығынан кімдер көмек ала алады?
Қоғам • Бүгін, 15:33
Теңіз кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:12
Ақтауда есінен адасқан 63 жастағы ер адам жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 14:55
Қазақстан футболшысы Еуропадағы клуб сапында сәтті дебют жасады
Спорт • Бүгін, 14:35
Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:22
Алматы облысында суға шомылу рәсімі өтіп жатыр
Дін • Бүгін, 13:50
Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді
Заң • Бүгін, 13:27
«Гренландиядан қолыңды тарт»: Данияда жаппай наразылық өтті
Әлем • Бүгін, 12:59
Павлодар облысында апалы-сіңілілер алаяқтарға 10 миллион теңге берген
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:32
OpenAI ChatGPT-дің тегін нұсқасында жарнаманы іске қосады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:15
Маңғыстауда екі тәулік жолда тоңған жүк көлігі жүргізушісіне полицейлер көмектесті
Қоғам • Бүгін, 11:58
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
Денсаулық • Бүгін, 11:32
Әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпаниялар анықталды
Әлем • Бүгін, 11:19