Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Сарышаған полигонында өтіп жатқан «Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуына қатысты. Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери қызметшілердің іс-қимылдарын бақылап, жеке құрамның кәсіби даярлығын бағалады.
Аталған оқу-жаттығу өзге оқу-жаттығулардан маңызы жағынан түбегейлі ерекшеленеді және айрықша бағытқа ие. Оның шеңберінде әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезіндегі апат салдарын жою жұмыстарын жүргізеді. Себебі, Сарышаған полигонының ауданы мен осы полигонның әкімшілік орталығы – Приозерск жабық қаласында ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған ғимараттар мен құрылыстар орналасқан. Олар қираған, жөндеуге және әрі қарай пайдалануға келмейді. Оқу-жаттығудың әзірлемесіне сәйкес белгіленген аумақта орналасқан бірқатар ғимараттар мен құрылыстар миналап тасталды. Одан кейін ережелерге сәйкес мамандар құрылыстарды жарды. Ал әскери бөлімшелер ғимараттарды бөлшектеуді, сондай-ақ, аумақты тазартып, пайдалануға беру мүмкіндігін жүргізеді.
Осылайша, практикалық сабақтар бөлімшелердің жеке құрамының, оның ішінде әскери инженерлердің дағдысы мен машығын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Жалпы алғанда, «Жәрдем-2016» оқу-жаттығуына қатысуға 100-ден аса әскери қызметші, сондай-ақ, 10-нан астам әскери қопарушы маман тартылды. Оқу-жаттығуға шамамен 100 бірлік арнайы техника, яғни бульдозерлер, тиегіштер және экскаваторлар тартылды.
Деректерге сүйенсек, оқу-жаттығу үстіміздегі жылдың шілдесіне дейін жалғасады. Жалпы, екі жарым ай ішінде әскери қызметшілер 60-тан аса ғимарат пен құрылысты жаруды жоспарлауда.
«Егемен-ақпарат»

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10