ҚАРАҒАНДЫ. 21 сәуір. Қарағанды облысында 67 бас жылқы ұрлаған екі ер адам бес жылға бас бостандықтарынан шартты түрде айырылды. Бұл туралы Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қарқаралы ауданының екі тұрғыны шаруа қожалықтарының біріндегі 67 бас асыл тұқымды жылқы малын айдап әкеткен. Келтірілген шығынның көлемі 16,5 миллион теңгені құрады.
Қарақаралы аудандық соты айыптаушыларды Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 4-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 3 жыл сынақ мерзімін қолдана отырып, 5 жылға шартты түрде бас бостандықтарынан айырды.
Сот үкім шығарарда ұрылардың келтірілген шығынның орнын өз еріктерімен толтырғанын, өздерінің кінәларын толық мойындап, істеріне өкінетінін ескерген.
Үкім өзінің заңды күшіне әлі енген жоқ.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі.
Фото: mediasat.info.
• 21 Сәуір, 2016
Қарағанды облысында жылқы ұрлағандар жазасын алды

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше