21 Сәуір, 2016

Кісі өлтіруге тапсырыс берген күдікті ұсталды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-04-2016 killerҚАРАҒАНДЫ. 21 сәуір. Қарағандыда өзінің танысын өлтіруге тапсырыс берген қала тұрғыны қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Он тоғыз жастағы тұрғынның өзінің танысын өлтіруге кісі жалдағысы келіп жүргені туралы ақпарат Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына келіп түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктімен арадағы әңгімені таспаға жазып алудың сәті түсті. Онда күдікті жалдамалы кісі өлтірушінің қызметін 250 мың теңгеге бағалаған. Сондай-ақ, ол айғақ ретінде «марқұмның» өліп жатқан суреті түсірілген ұялы телефонын алып келу туралы талап қойған. Күдікті Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінде киллердің рөлін ойнаған полиция қызметкері берген телефонды алып жатқан жерінде тұтқындалды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау оқшаулағышында қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.