22 Сәуір, 2016

Грекияда Олимпиада алауы тұтатылды

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
греция-177Кеше, 21 сәуір күні Грекияның Олимп тауы етегіндегі ежелгі Гера храмының ашық алаңында XXXI жазғы Олимпиялық ойын­­дар­дың алауы тұтатылды. Осыған ар­налған салтанатты шарада грек актри­сасы Катерина Лехоу жоғарғы абыз әйел­дің рөлін атқарып, бағзы үрдіспен күн сәу­ле­сінің қызуы арқылы символдық мәні бар құтыға от жүгіртті. Бұдан кейін алауды алып жүгіруге арналған дәстүрлі эстафета жолға түсті. Оны гректің 25 жастағы гимнасты Элефтериос Петруниас бас­тады. Эллада жерінде алты күн шарлайтын алау­ды грек спортшылары алып жүреді. Олардың арасында босқындар сапындағы бір спортшы болатыны да айтылып жатыр. Эстафета алауы 27 сәуір күні Афина қала­сын­да Рио-2016 Олимпиадасы ұйым­дас­тыру комитетінің делегациясына салтанатты түрде табыс етіледі. Осыдан бастап Олим­пиялық алау өзінің 100 күндік сапарына жол ашады. Ол Бразилия территориясына 3 мамырда табан тірейді. Бұдан әрі елдің аумағын ұзақ уақыт ара­лап келіп, барлық штаттардағы 500 елді ме­кенді басып өтеді. Тығыршықтағы от 5 тамыз күні ғана сапарын аяқтап, Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионына Ойындардың салтанатты жағдайда ашылу рәсімі кезінде жеткізіледі. Оңтүстік Американың осы елінде жалау көтеретін Олимпиялық ойындар 5-21 тамыз аралығында жарыс көрігін қыздырады. Олимпиялық алауды алып жүгіру дәстүрі бұдан 80 жыл бұрын, 1936 жылы Берлинде өткен Олимпиялық ойындардың қарсаңында бірінші рет қолға алынған болатын.  «Егемен-ақпарат» греция-1 греция-17