22 Сәуір, 2016

Отанымыз – ортақ үйіміз

230 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Улттар (1)Ең асыл құндылық – ел тұтастығы Оңтүстік Қазақстан облысы этномәдени бірлестіктерінің өкіл­­­дері мемлекетіміз Тәуел­сіз­­ді­гінің 25 жылдығына орай Шым­кент шаһарының орта­лы­ғынан «Қазақ еліне мың алғыс» монументін тұрғызып жатыр. Бұл – қилы тағдыр-та­лайымен қазақ жерінен пана тауып, қамқорлық көрген, осы мемлекетті туған Отаны көре­тін ұлттар мен ұлыстардың жақсы ниетінен туған бастама. 2421_okoДәл қазіргідей жаһандық дағ­дарыс жағдайында бірлік, ын­ты­мақ ұлттар арасындағы жара­­­сымдылық бұрынғыдан да ке­регірек. Біз мұны жақсы түсінеміз. Мәселен, өткен жылдың өзінде Елбасының Жолдауы мен Ұлт Жос­парын насихаттау, халыққа кеңі­нен жеткізу жолында этно­мәдени бірлестіктердің төрағалары жүздеген елді мекенде 120 кездесуге қатысып, ұлттар достығының негізін нығайтуға күш салды. Қазiр Қазақстандағы ұлтара­лық татулық өзгелерге үлгi. Бұған дәлел әлемде теңдесi жоқ Қазақ­стан халқы Ассамблеясын құрдық. Көп ұлтты елiмiз осы сындарлы саясаттың арқасында өзара тату-тәттi ғұмыр кешiп, өсiп-өр­кен­деуде. Кезiнде «Қа­зақстан ынтымағы жарасқан ел болады» дегенге күмәнмен қарағандар бүгiнде Ұлы Дала елiне қызыға да қызғана қарайды. Мұны неге айтып отырмын, бiр шаңырақ астына ұйысқан бiрлiгi бекем ел ғана кез кел­ген қиын­дықты еңсередi. Оңтүстiк Қазақ­стан облысы – сан ұлттың басын қос­қан өңiр. Мұн­да эт­ностардың басын бi­рiктiретiн 20 эт­но­мәдени бірлес­тік жұ­мыс iстейдi. Дағ­дарыс кезiнде ке­рiлiп жатқан еш­қайсысы жоқ. Барлы­ғы да кезiнде бауырына басып, қанатын қатайтқан елдiң уығын нықтасу қамында. Көштi керуенiмен көшiретiн ықпалы бар дағдарыс өз дегенiн жасап жатқанымен, еселi еңбек пен мызғымас татулық қазақ­стан­дық­тарды жарқын болашаққа жетелейдi. Қазақ айтатын «Жұмы­ла көтерген жүк жеңiл» дейтiн та­ғы­лымды сөздiң мәнi де осында болса керек. Иә, дағдарыстың бәрi өткiншi, өтедi де кетедi. Ел тәуелсiздiгi, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқ­ты құн­дылықтар ғана мәңгi. Елбасы осылай дедi. Әлемнiң аузы дуалы саясаткерлерi биыл Қа­зақстанда айтар­лық­тай өсiм болатынын болжауда. Өйт­кенi, Президенттiң сөзiне сүйенсек, жа­һандық дағдарыс – бұл қауiппен қатар жа­­ңа мүмкiндiктер. Жа­­һандағы көптеген мемлекеттер дәл дағ­дарыс тұсында табыс­ты бола бiлдi. Ең бастысы, рухы биiк, еңбегi ерен, бiрлiгi мығым «Мәңгiлiк Ел» болу үшiн бiзде бәрi бар. Қазақ халқында «Бақ ынты­маққа барады» деген сөз бар. Әрқилы айтылғанымен, бейбіт өмірді сүйетін әлемнің бар хал­қы­ның тілегі осы. Қазақстан хал­қы Ассамблеясы осындай ізгі мақ­сатқа қызмет етіп ке­леді. Юрий Кирюхин, Оңтүстік Қазақстан облыстық славян этномәдени бiрлестiгiнiң төрағасы ШЫМКЕНТ