23 Сәуір, 2016

Қандасым – қазағым!

419 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
гүлханым асланоғлыҚазақ­стан – бақ мекенім. Ба­баларым о баста тік кө­теріліп бел ас­қан же­рім, бү­гін­де өзім­нің кін­дігімнің қаны тамып, бауыр басқан жерім. Арғы тарих­ты қозғасам, дадам Қорқыт бірік­тіріп, Бамсы Бәйрек – Алпа­мыс сынды батырлар қо­рам­саққа қол салып қор­ғаған даңқты елім. Әзербайжан мен қазақтың түбін алып қарасаң түркілерден өрбіген, бір төскейді өрістеп, заманалар көшінде оғыз атам бұтағы шалғай қонып алыстап, тау асып, тас басып, көшінің басын Кап тауына бұрғанда Отанда қалған бауырым. Қазақ туған кеңпейіл. Оның далиған даласындай дархан көңілі түбірі бір біз тәрізді туысқа ғана ашылмайды, жаны жомарт жайсаң жұрттың жүрегі жалпыға бірдей, жылылығы, төгілген нұры көпке бірдей. Қарап отырсақ, осы қазақ жерінде қаншама этнос өкілі бар. Солардың бірі де өгей­дің күнін кешпейді, қайта жақ­сылығын көріп, жанына жақын балаған қазақтың кең қолтығында әр­қайсысы өз этно­сының мәдениеті мен ұлт­тық дәстүрін дәріптейтін орта­лықтар ашты. Тіпті, елдің ең жоғары заң шығарушы органы – Парламентке депутат сайлап, мәртебесі Ата Заңда дәріптеліп отыр. Ел бірлігі, тұтастық – таптыр­майтын қазына. Қазынаны қаді­ріне жеткендер ғана еселеп то­лықтырып отырады, дәл қазіргі Қазақстан осындай бірлікті ортақ қасиет, баға жетпес қазына етуде. Бірлікке сына түспесе, елім деген халықтың алар асуы, бағындырар биігі, жететін жеңісі көп бола түспек. Бүгінде бірлікке ұйыған бар­ша Қазақстан жұрты алдына нақты мақсаттар қойып, алар межесін белгілеп отыр. Озық елдің қатарына енгізер «100 нақты қадам» біздерді алға жетелейді. Гүлханым АСЛАНОҒЛЫ, Үштөбе қаласындағы Оян ауылдық орталау мектебінің мұғалімі Алматы облысы