АТЫРАУ. 25 сәуір. Атырауда Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы қазақстандық 17 компанияға стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (СХҰ) ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 22000 сертификаттарын беру салтанатты шарасын ұйымдастырды. Олардың барлығы Сапаны басқару орталығы («QMC» ЖШС) өткізген оқудан ойдағыдай өтіп, Rina Services SpA Kazakhstan компаниясымен сертификатталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Отандық кәсіпорындардың оқу мен сертификаттау шығындарын НКОК компаниясы қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді арнайы бағдарлама шеңберінде өз мойнына алған. Бағдарлама міндеттерінің бірі жергілікті компаниялардың халықаралық стандарттарға сәйкес тұрақты дамуына ықпал етуге, сонымен қатар қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Қазақстандық 17 кәсіпорын басшыларына ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 22000, ISO 50001 халықаралық стандарттары бойынша сертификаттарды табыс еткен НКОК компаниясының жергілікті қамту жөніндегі менеджері Дәуірбек Өтежановтың айтуынша, НКОК-тың қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберіндегі мемлекет саясатына жан-жақты қолдау көрсетіледі, сонымен қатар, жергілікті жабдықтаушылардың әлеуетін өсіруге қолдау көрсету бағытында ауқымды жұмыс жүргізіле беріледі.
«Компанияда жергілікті қамтуды дамыту бойынша жүйелі тәсілдеме жүзеге асырылуда және нақты міндеттер белгіленген ұзақ мерзімді стратегия қабылданған. НКОК шетелдік мердігерлерден гөрі жергілікті компанияларды тартуға мүдделі, бұл ретте олар Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісімде белгіленген критерийлерге сәйкес болуы керек және олардың тауарлары мен қызметтері бәсекелесуге жарамды болуы тиіс. ISO стандарттары бойынша халықаралық сертификат жергілікті компанияларға көптеген деңгейлерде елеулі ықпалын тигізеді. Оның үстіне, олар сертификаттар алғаннан кейін Солтүстік Каспий жобасының тендерлеріне анағұрлым сенімді қатысумен қатар, дүние жүзі бойынша басқа да халықаралық компанияларға өз тауарлары мен қызметтерін ұсынудағы бәсекелестік деңгейін арттыра алады», – деді ол.
Оның мәлім етуінше, ISO стандарттарының енгізілуі біріншіден, қазақстандық компаниялардың өнімділігін оңтайландыруға және тиімділігін арттыруға, екіншіден, олар үшін тендерлік құжаттардың толық және сапалы түрде ұсынылуын қамтамасыз ете отырып, компаниялардың келісімшарт берудегі мүмкіндіктерін кеңейтуге, және келісімшарт бойынша жұмыстардың, сонымен қатар уақтылы жеткізілімдердің бюджет шеңберінде, барлық техникалық критерийлерге және сапа талаптарына сәйкес орындалуына, бұл ретте тапсырыс берушілерінің талаптарын толық қанағаттандыруға теңдессіз қолдау көрсетілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Біз Солтүстік Каспий Консорциумына халықаралық стандарттар бойынша сертификаттаудан өту барысында көрсеткен қолдауы үшін ризамыз. Көрсетілген қолдаудың нәтижесінде біздің компаниямыз қызметіміздің тиімділігін арттырып, көрсетілетін қызметтеріміздің деңгейін көтерді және спектрін кеңейтті», – деді «Қазэлектромаш» директорың орынбасары Александра Распопина.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Фото: Рахым Қойлыбаев.