Кеше Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Испания сыртқы саясат ведомствосының басшысы Хосе Мануэль Гарсия-Маргальомен кездесті. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды.
Кездесуден кейін министрлер баспасөз мәслихатын өткізіп, БАҚ өкілдеріне екі мемлекет арасындағы өзара ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтып берді.
«Испания Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық саладағы ірі серіктесі болып табылады. Дағдарысқа дейінгі жылдарда аталған мемлекетпен сауда-саттығымыз 3 млрд. долларға дейін жетті. Бұл – ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіш. Алдағы уақытта да достық және іскерлік қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүмкіндік мол. Бүгінгі кездесуімізді соның бір сатысы десек, артық айтқандық емес. Сондай-ақ, Испания Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өту ұмтылысын қолдайтынын ерекше атап өткен жөн», – деді Е.Ыдырысов.
Сонымен қатар, министр Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Испания королі IV Филиппті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында елімізге ресми сапар жасауға шақыруы туралы сөз етіп: «Біз Мемлекет басшысының атынан Испания короліне жіберілген шақыруын нақтыладық. Аталған сапар 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесі кезінде жүзеге асады деген үміттеміз», – деді.
Одан бөлек, ведомство басшысы Испанияның көлік логистикасы, ауыл шаруашылығы, машина жасау, қайта өңдеу, инновация, жасыл технология және телекоммуникация салаларында мол тәжірибесі бар екенін айтып, Қазақстанның осы бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Е.Ыдырысовтың айтуынша, Испания Сыртқы істер министрінің ресми сапары аясында өткен Қазақстан-Испания бизнес-форумында аталған бағыттарға басымдық берілмек.
Сондай-ақ, кездесуде екіжақты құжатқа қол қойылып, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бекітілді. Аталған құжатқа Х.Гарсия-Маргальомен қатар, Қазақстан тарапынан Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қол қойды.
Өз кезегінде, Х.Гарсия-Маргальо бұл бағдарламаның маңыздылығына тоқталды. «Біз бүгін екі тараптың байланысына жаңаша серпін беретін құжатқа қол қойдық. Бұл тың бастамаға Қазақстан жағының мұрындық болғанын атап өткім келеді. Сіздер үшін инфрақұрылым, қуат көзі, су ресурстары және туризм салаларында испаниялық кәсіпорындар үлкен рөлге ие. Ал біздер үшін Қазақстан Орталық Азиядағы ең жақын серіктесіміз», – деген Х.Гарсия-Маргальо испаниялық кәсіпкерлердің 17 млн. тұтынушысы бар Қазақстанда өз істерін жүргізуге қызығушылық танытып отырғанына назар аударды.
Айта кетейік, аталған бизнес-форумға Испания тарапынан 20-дан астам компания қатысса, қазақстандық бизнес-делегацияның құрамында 90 компания болды. Олар авиация, әскери техника, мұнай-газ, технологиялар трансферті және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, сондай-ақ, тағы басқа салалар бойынша ынтымақтасу мәселелерін қарастырды.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан»

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше