Интернет-трафикпен алмасу нүктелерін құру туралы мәселе Инвестициялар және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде өткен басқосуда талқыланды. Жиынға вице-министр Сәкен Сәрсенов төрағалық етті. Оған «Кселл», «Кар-Тел», «Мобайл Телеком-Сервис», «Қазақтелеком», «Транстелеком», «ҚазТрансКом», Astel және «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК, TNS plus сияқты компаниялардың жетекшілері қатысты.
Жиында байланыс операторларының жұмысына қатысты бірқатар мәселе талқыланып, алдағы ЭКСПО-2017 көрмесіне орай елдегі байланыс жүйесін барынша жақсарту жайы қаралды. Көрменің өтер уақыты жақындап қалғаны белгілі. Осыған байланысты ондағы барлық базалық стансаларды құрып, орнату жұмыстарын 2016 жылдың қазан айына дейін аяқтау жөнінде тапсырма берілді. Бұл ретте елімізде пирингтік орталық құрудың маңыздылығы айтылды. Оған арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жобаны жүзеге асыру провайдерлердің шығындарын оңтайландыру және түпкі пайдаланушыларға интернет-қызметтерін көрсету тарифтерін төмендетуге мүмкіндік береді. Трафикпен алмасудың мұндай нүктесін құру жалпы алғанда интернет нарығының қазақстандық сегментін дамытуға түрткі болуға мүмкіндік бермек. Операторлар арасында трафиктің өту маршруттарын оңтайландыру, желілік мәліметтер пакетін жіберу уақытын қысқарту, қымбатқа түсетін халықаралық байланыс арналардың жүктемелерін азайту сияқты мәселелерді енді осындай орталық ретке келтіреді деп күтіледі. Мұндай өзара іс-әрекеттер Интернет-трафиктің өту маршруттарын оңтайландыруға ықпал жасайды, соның нәтижесінде қымбатқа түсетін халықаралық Интернет-арналарының жүктемелерін төмендетуге көмектеседі, нәтижесінде Интернет қызметтері нарығында қазақстандық сегменттің даму динамикасына оңтайлы ықпал жасайды деп болжануда.
«Егемен ақпарат»

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47