Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды әлеуметтік оңалту мәселелері кеше Астанада өткен халықаралық сараптамалық кездесуде талқыланды. Аталған шара «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 33-қадамын іске асыру аясында «Пробация туралы» заңдық тұжырымдамаға ұсыныстарды пысықтау мақсатында өткізілді.
Жалпы, соңғы жылдары елімізде әділ сотты және пенитенциарлық жүйені жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Тарқатып айтқанда, жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстерінде пробацияның шартты-үкім ету функциялары кеңейтіліп, пробациялық бақылау тек шартты сотталғандарға емес, сонымен қатар бостандығы шектелген азаматтарға да қатысты жүзеге асырылуда. Бұл ретте шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, мүдделі мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ, Еуропалық одақтың және Қазақстанның пробация саласындағы сарапшылары қатысты. Алғашқысында мерзімінен бұрын шартты босатылғандарға пробациялық бақылау белгілеу қарастырылса, екіншісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан әрі әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдемдесу көзделеді. Бұдан бөлек, сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробацияларды енгізу ұсынылып отыр. Мұндай сотқа дейінгі пробацияда қылмыскердің психологиясы, әлеуметтік мінездемесі екшеледі және ол сот шешім шығарар алдында ескеріледі. Қазіргі таңда осы тәжірибе Ұлыбританияда, Венгрияда және Словакияда қолданылып келеді. Ал пенитенциарлық пробацияда бейімделу орталықтарында мерзімі аяқталуға 6 ай қалғандарға өмірге бейімделуге көмек көрсетіледі.
Жалпы, шартты сотталғандар тарапынан қылмыстың қайталануын болдырмау мақсатында пробация қызметін құқықтық институт ретінде пайдалануға және олардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдемдесуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң 2012 жылдың ақпанында қабылданған болатын. Негізінен Қазақстан пробацияның екі моделін: үкімнен кейінгі және пенитенциардан кейінгі модельдерді қабылдағандығы мәлім. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев жазалау түрлері бойынша пробация қызметінде есепте тұрғандардың саны 2014 жылы 39530 адам болса, 2015 жылы 48594 адамға жеткендігін алға тартты. Осылайша, пробация есебінде тұрғандар санының 23 пайызға артуы арқасында бұрын қылмыс жасағандардың қайта осындай әрекетке баруы 33 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, М.Аюбаев 34-қадамды жүзеге асыру үшін Қазақстанда камерада ұстау мәселесін мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде шешу жолы қарастырылуда екендігімен де бөлісті. Елімізде түрмелердің типтік жобалары әзірленіп, халықаралық сараптамадан өткені мәлім болды. Оның алғашқысы Шымкент қаласында салынады деп күтілуде. Тіпті, жер телімі де бөлінген. Сыйымдылығы 1,5 мың адамға арналған еуропалық стандарттарға сай келетін түрме құрылысы 2017 жылдың басынан жүргізілмек. Орайы келгенде Еуропа одағы мен сот-құқықтық реформалар жүргізіп жатқан Қазақстан Республикасы арасындағы келісім негізінде алғашқысының қаржыландыруымен құны 5,5 миллион еуролық жобаны Ұлыбритания әділет министрлігі, Нидерланды пробация қызметімен, сондай-ақ, Польшаның сот өндірісі және прокуратурасы мемлекеттік академиясымен әріптестік негізінде Солтүстік Ирландияның ынтымақтастық жөніндегі ұйымы жүзеге асыратыны белгілі болды.
Қорыта айтқанда, талқылауға түскен заң жобасының қабылдануы қылмысты, түрмедегі адамдар санын азайтады деп күтілуде. Сонымен қатар, сотталған жандарды ұзақ қамақта ұстауға жұмсалатын мемлекет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік туады. Ең бастысы, жазасын өтеп шыққандарды қоғамға толыққанды азамат ретінде қайтаруға жағдай жасалмақ. Сондықтан да заң жобасының қабылдануы өте маңызды саналады.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Бүгін, 21:15
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27