26 Сәуір, 2016

Ереванда болған лаңкестік әрекеттен 2 адам опат болды

1 мин
оқу үшін
26-04-2016 yerevanАСТАНА. 26 сәуір. Арменияның астанасы Ереванда жолаушылар автобусы жарылып, 2 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Полиция басшысы Владимир Гаспарян жарылғыш заттың қоғамдық көлік ішінде оң жақ бөлігіндегі екінші орындықтың тұсына орнатылғанын, сонымен қатар, тергеу амалдары аяқталғаннан кейін нақты мәлімет берілетінін айтты. Қазір тәртіп сақшылары бейнебақылау арқылы бомбаны кімнің алып кіргенін анықтауда. Айта кетейік, өткен дүйсенбі күні, кешке таман қаланың орталығында «Богдан» маркалы автобус жарылды. Ресми мәліметтер бойынша, тағы 7 адам зардап шеккен. Олардың арасында балалар да бар. Дәрігерлер науқастардың жағдайы тым ауыр екенін мәлімдеді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».
Соңғы жаңалықтар

Экономиканың жаңа моделі

Экономика • Бүгін, 08:10

Елордадағы инженерлік табыс

Өндіріс • Бүгін, 08:08

Ең бастысы – жұрт амандығы

Денсаулық • Бүгін, 08:00

Алғыс арқалаған жандар

Маман • Бүгін, 07:58

Аралдағы жылыжай

Аймақтар • Бүгін, 07:48