22 Қаңтар, 2011

Ырыс алды – ынтымақ

2473 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының атына Елбасының президенттік өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы бастамашы топтың бастамасын қуаттаған хаттар толассыз келіп түсуде. Алматы облысы, Панфилов ауданы, Айдарлы ауылының тұр­ғыны Әбілхан Оспанов бы­лай деп жазыпты: «Өз басым Ел­басының президенттік өкі­лет­тігін 2020 жылға дейін ұзартуды қалың жұртшылық қызу қолдап жатқан тұста үнсіз қалуды жөн көрмедім. Дана қазақта «Жақ­сы­ның жақ­сы­лығын айт – нұры тасысын» деген аталы сөз бар. Мен ел ішіндегі адаммын. Ха­лық­тың тұрмыс-тіршілігінің бұ­рын қандай бол­ға­ны, қазір қан­дай деңгейге көте­ріл­гені көз ал­дымда. Бүгінгі күнгі баршы­лық­қа, бейбітшілікке шү­кір етуіміз үшін біз өткенді ұмыт­пауы­мыз керек. Арада өткен жиырма жылда халықтың тұр­мы­сы аса бір жылдамдықпен жақсар­ды. Осы күні елімізді әлем тани­ды. Сондықтан, менің пайым­дау­ым­­ша, Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың президенттік өкі­лет­ті­гінің 2020 жылға дейін ұзар­тылуы өте орынды деп білемін». Ал Шымкент қаласының тұр­ғыны Қ. Айсаев Елбасының атына жолдаған хатында: «Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Менің аты-жөнім Қожахмет Айсаев. Ұйғыр азаматымын. Мен 1945 жылы 15 желтоқсанда ҚХР-дың Құлжа қала­сында шаруа отбасында дүниеге келдім. Біздің отбасымыз 1962 жылы Арыс ауданына қоныс аудар­ды. Әскери борышымды өтеген соң, Шым­кент қаласында шаруа­шы­лық са­ласында ұзақ жыл еңбек еттім. Бүгінде жеке кәсіпкерлікпен ай­налысамын. Үйленіп, бірнеше ұл-қыз және олардан немере сүйіп, тәрбиелеп отырмын. Ең бас­тысы, қазақтармен туыстай болып кеттім. Бүгінде олармен зайыбым екеуміз құда, құдағи болып, тату-тәтті өмір сүріп жа­тырмыз. «Отан – отба­сынан бас­талады» дегендей, Сіз­дің елімізде ұстанып отырған бай­­сал­ды бас­шы­лығыңыз бен көреген сая­сат­кер­лігіңіздің арқа­сын­да от­ба­сын­да осындай ма­мы­ра­жай, бейбіт әрі бақытты ғұмыр кешудеміз», деп ағынан жарылады. Одан әрі хатта: «Қазақ бауырларымызда «Ырыс алды – ынтымақ» деген сөз бар. Сіз еліміз тәу­ел­сіздік ал­ғалы бері барша ха­лықты ын­ты­мақ пен бірлікке шақырып, бұл ба­ғытта жүйелі әрі жоспарлы түр­де жұмыс істеп келесіз. Бұл мақ­саттағы қол жеткізген жетіс­тіктеріңіз бәрі­міз­дің көз алды­мыз­да. Қазақ­стан халқы Ассам­блея­сының дүниеге келуі – Сіздің еселі еңбегіңіздің жемісі», делінген. Хат авторы Елбасының президенттік өкілеттігін 2020  жылға дейін ұзарту жөніндегі бастамашы топтың бастамасын шынайы пейілмен қолдайты­нын айтып, Пре­зиденттің ел мүд­десі жолындағы аса жауапты қызметіне толайым табыстар тілейді.