22 Қаңтар, 2011

Келешек келбеті

677 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылорда облысында Білім және ғылым министрі Ба­қыт­жан Жұмағұлов арнайы іссапармен болды. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дейді қазақ. Сол айтпақшы, Білім және ғы­лым министрі Қызылорда қала­сы­ның іргесінде орналасқан Қа­рауыл­төбе ауылының оқушыла­ры мен мұ­ғалімдерінің қуаны­шы­на ортақ­тасты. Себебі, аталған ауылда 250 орындық жаңа мек­теп­тің құры­лы­сы аяқталып, пай­далануға берілгелі тұрған. Сөй­тіп, министр жаңа мектептің лен­тасын қиды. А.Хангелдин атындағы мектепті ашуға келген облыс басшы­сы Болатбек Қуандықов мұның бәрі Елбасы Н.Назарбаевтың сын­­дарлы саясатының, жас ұр­пақ­қа қамқорлығының арқасында іске асып жатқан шаруа екенін баса айтты. Ал Білім және ғылым министрі мектепте жүрген бо­ла­шақ ақын, әкім, министрлерді жігерлендіріп, ел келешегі үшін білімді ұрпақтың алтыннан да қымбат екенін баса көрсетіп, жан-жақты білім алуға шақырды. Бүгінде Қызылорда облы­сында 170 балабақша, 123 мектеп жа­нындағы шағын орталық жұ­мыс істейді. Егер аталған сан­дар­ды 2009 жылмен салыстырсақ, онда мектепке дейін білім беретін ме­кемелердің 110-ға арт­қа­нын көре­міз. Ал бұл – үлкен көрсеткіш. Министр сапары барысында «Сарыарқа-ЛМ» жекеменшік ба­ла­бақшасында және жақында ғана ашылған дарынды балаларға арналған №4 мектеп-интер­на­тын­да болды. Ержан БАЙТІЛЕС. Қызылорда.
Соңғы жаңалықтар