Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен палатаның кезекті жалпы отырысы болды.
Отырыста бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Бас прокурор болып тағайындалған Жақып Асановтың кандидатурасына палата депутаттары келісімін берді. Оның өмірбаяны таныстырылған соң Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуын қарау нәтижесі бойынша Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Регламентінің 71-тармағын басшылыққа ала отырып, мынадай қорытындыға келді:
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 2) тармақшасына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жақып Қажманұлы Асановты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне тағайындауына келісім беруге ұсыныс жасалсын, делінген Сенат комитетінің қорытындысында.
Сонымен қатар, жалпы отырыста сенаторлар Қазақстан мен Македония арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялады. Македония Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында 2012 жылғы 2 шілдеде Астанада қол қойылған келісім елдердің инвестициялық ахуалын жақсартуға және екі елдің өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға жағдай жасайды. Келісімде тараптар арасындағы дауларды шешу мақсатында ұйымдастырылған Халықаралық төрелік сотты қалыптастыру рәсімдерін жан-жақты реттейтін ережелер бар.
Отырыс соңында Өскемендегі қалалық балалар ауруханасының құрылысын қаржыландыру туралы сенатор Сергей Плотниковтың депутаттық сауалы жария етілді.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»

Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25
Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40