22 Қаңтар, 2011

Үкіметке ұсынымдар жолданады

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республика­сын­да­ғы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жағдайы және даму болашағы» деген тақы­рып бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Мәжі­ліс­тің Қаржы және бюджет, Аграрлық мәселелер комитеттері ұйымдастырды. Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжія­қов «Қазақстан Республикасын­дағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қазіргі жағдайы және даму болашағы» тақыры­бында баяндама жасады. Қазақ­стан Республикасының Қаржы вице-министрі Берік Шолпан­құ­лов  аталған тақырып төңірегін­де жан-жақты әңгімеледі. Сон­дай-ақ осы мәселе бойынша Қар­жы нарығын және қаржы ұй­ымдарын реттеу мен қадаға­лау агенттігі төрағасының орын­ба­сары Қуат Қожахметов сөз сөйледі. Парламент Мәжілісінің Қар­жы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова мен Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитеті­нің хатшысы Иван Чиркалин өз сөздерінде Қазақстан Респуб­лика­сын­дағы қолма-қол ақша­сыз есеп айырысудың даму проб­лемалары тақырыбын қозғады. Дөңгелек үстелге парламентшілермен қатар, «Қазком­мерц­банк», «БТА Банк»,  «Центр­КредитБанк», «Қазақстан Халық Банкі», сондай-ақ Қазақстан бойынша «VISA» және «Master Card» халықаралық төлем жүйесінің өкілдері қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелді жүргізген Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің хат­шысы Сансызбай Есілов қорытынды сөз сөйлеп, осы басқосуда күн тәртібіндегі мәселе бойынша жан-жақты пікір алмасу болғанын атап өтті. Үкіметке және бірқатар мемлекеттік органдарға дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша бір жүйеге келтірілген ұсынымдар жолданатын болды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.