30 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы №13

350 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2016 жылғы 26 қаңтар,  Астана қаласы «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Бұйырамын: 1. «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10128 тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидалары бекітілсін.»; жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларында: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидалары»; 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалану тәртібін анықтайды.»; 202-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) азаматтық хал актілерінің жазбалары, шаруашылық кітаптар, азаматтарды тіркеу кітаптары, нотариалдық істердің жазбалары және сот істерінің құжаттары – 75 жыл;». 2. Мұрағат ісі және құжаттама департаменті (Д.С. Мұқатаев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін электрондық нұсқада елтаңбалы мөрмен расталған қағаз данасының көшірмесімен, Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электронды сандық қолтаңбасымен куәландырылған көшірмесін электрондық нұсқада елтаңбалы мөрмен расталған қағаз данасының көшірмесімен бірге беруді; 3) осы бұйрықты ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықтың он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақпен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. МҰХАМЕДИҰЛЫ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 23 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13174 болып енгізілді.