2015 жылғы 26 наурыз, Астана қаласы
Арнайы экономикалық аймақтың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 60-1-бабына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, Арнайы экономикалық аймақтың аумағын жайластыру және осындай аумаққа тұлғалардың кіруіне рұқсат беру қағидасы;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелуге және мұндай аумақтан тауарларды әкетуге рұқсат беру қағидасы;
3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, Тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті ұсыну қағидасы;
4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес, Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, Кеден одағының тауарлары деп тану қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е.Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі
_____________________Ә.Исекешев
9 сәуір 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №210 бұйрығына
1-қосымша
Арнайы экономикалық аймақтың аумағын жайластыру және осындай аумаққа кіруге
рұқсат беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтың аумағын жайластыру және осындай аумаққа кіруге рұқсат беру қағидасы 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің 9-бабының 7-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 60-1 және 186-баптарына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) аумағын жайластыру және осындай аумақты қоршау бойынша талапты қоса, осындай аумаққа кіруге рұқсат беру тәртібін қарастырады.
2. Аталған талаптар АЭА аумағында немесе оның бөлігінде қолданылады.
2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағын жайластыру тәртібі
3. Кедендік бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында АЭА-ны құру және жұмыс істеу мәселелерін реттейтін Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау мақсатында еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағын жайластыру міндетті түрде мынадай талаптарды орындаумен жүзеге асырылады:
1) АЭА-ға қатысушы өзінің қызметін жүзеге асыратын АЭА аумағы немесе оның бөлігі, сыртқы жағынан Кодекстің 186-бабының 3-тармағымен көзделген талаптарына сәйкес белгілер қойылады және оның шекарасын айқындауға мүмкіндік беретін қоршауы болады;
2) көлік құралының (көліктің түріне қарай) қозғалыс мүмкіндігін қамтамасыз ететін кіреберіс жолдарының болуы;
3) кедендік бақылау аймағының шекарасының жобасында көрсетілген АЭА аумағына (аумағынан) немесе АЭА аумағының бөлігінде тауарлар мен көлік құралдарын әкелу (әкету), сондай-ақ тұлғалардың кіру (шығу) орындары;
4) тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне немесе өзге кедендік рәсіммен орналастырғанға дейін оларды түсіру, тиеу немесе сақтауға байланысты операциялар жүргізілетін, кедендік бақылау аймағында күнтізбелік соңғы отыз күн ішінде болған оқиғалардың бейнежазбасын қарауға мүмкіндік беретін тәулік бойы режимде жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесімен жабдықталады;
5) тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен немесе өзге кедендік рәсімімен орналастырғанға дейін оларды сақтау үшін арналған АЭА аумағы немесе оның бөлігі тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылады;
4. Мемлекеттік кірістер органы АЭА аумағына (аумағынан) немесе АЭА аумағының бөлігіне әкелінетін (әкетілетін) тауарлар мен көлік құралдарына, кедендік бақылауды жүргізу үшін тиісінше жабдықталған және техникалық жарақтандырылған бақылау-өткізу пункттерін (бұдан әрі – БӨП) осы тармақтың ережелерін ескере отырып айқындайды.
БӨП құрамына:
АЭА аумағына (аумағынан) немесе АЭА аумағы бөлігінде тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғаларын орналастыру үшін көзделген байланыс құралдарымен жабдықталған үй-жайлар;
тәулік бойы жұмыс режимі кезінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына арналған демалу бөлмесі;
БӨП шлагбаумдармен (қақпалармен) және (немесе) автокөліктің қозғалысын тоқтататын қондырғылармен жабдықталады;
5. АЭА аумағында оның санын негізге ала отырып мемлекеттік кірістер органын орналастыру үшін, телекоммуникация құралдарымен жарақтандырылған, жайластырылған ғимараттар немесе офистік үй-жай бөлінеді.
6. Кедендік инфрақұрылым объекттері, ғимараттарды қоса алғанда, БӨП, АЭА аумағына (аумағынан) немесе АЭА аумағы бөлігіне әкелу (әкету) және (немесе) кіру (шығу) орындары, мемлекеттік кірістер органдарын орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлар, сондай-ақ ашық алаңдар, АЭА материалдық-техникалық жарақтандыру жайластыру жоспарына қосылады, сондай-ақ олардың саны мен орналасуын қызмет аймағында АЭА орналасқан мемлекеттік кірістер органдары айқындайды.
7. АЭА аумағында немесе оның бөлігінде тауарларды кедендік тазарту және кедендік бақылау үшін арналған арнайы жайластырылған қойма үй-жайлары және (немесе) ашық алаңдар құрылады. Көрсетілген үй-жайлар және (немесе) алаңдар тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.
8. АЭА аумағын жайластыру осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған АЭА басқару органы және (немесе) АЭА аумағының бөлігіндегі АЭА қатысушыларымен қамтамасыз етіледі.
3. Тұлғалардың арнайы экономикалық аймақтың аумағына кіру тәртібі
9. АЭА аумағына тұлғалардың және олардың жеке пайдалануындағы көлік құралдарының (бұдан әрі – көлік құралы) кіруі мына шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) АЭА аумағына (аумағынан) жеке тұлғалардың кіруі (шығуы), сондай-ақ көлік құралдарының кіруі (шығуы) Кодекстің 13-бабының ережелеріне сәйкес БӨП арқылы және мемлекеттік кірістер органының жұмыс уақыты кезінде жүзеге асырылады;
2) АЭА аумағына (аумағынан) және (немесе) АЭА аумағының бөлігіне жеке тұлғалардың кіруі (шығуы) мынадай тәртіпте:
қызметін кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тиісті бақылаушы органдарының лауазымды тұлғалары үшін қызметтік куәлігін ұсынған кезде тұрақты рұқсаттама бойынша;
құқық қорғау немесе арнайы органдардың лауазымды тұлғалары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қаулы бойынша;
лауазымдық міндеттерін орындау көрсетілген тұлғалардың АЭА аумағында тікелей болуына байланысты, қызметін АЭА аумағында жүзеге асыратын тұлғалар үшін рұқсаттама бойынша;
лауазымдық міндеттерін орындау көрсетілген тұлғалардың АЭА аумағында қысқа уақытта болуына байланысты, қызметін АЭА аумағында жүзеге асыратын тұлғалар үшін уақытша рұқсаттама бойынша жүргізіледі.
10. Қызметін АЭА аумағында жүзеге асыратын тұлғалар, өзінің штатындағы қызметшілердің және көлік құралдарының тізімін (бұдан әрі – тізім) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органына олардың АЭА аумағына кіруіне рұқсат етуге жолдайды.
Қызметін АЭА аумағында жүзеге асыратын тұлғаларға АЭА-ға қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген, сондай-ақ АЭА аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын өзге тұлғалар жатады.
11. АЭА қатысушысы, жеке тұлғалар және (немесе) олардың жеке немесе қызметтік пайдалануындағы көлік құралдары бойынша тізімде мәлімделген мәліметтердегі кез келген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы мемлекеттік кірістер органдарын, осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
12. АЭА аумағына кіруге уақытша рұқсаттама жеке тұлғаларға және мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлеріне осы тұлғалардың АЭА аумағында болуымен тікелей байланысты, оларға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында, АЭА аумағына бір жолдық және қысқа уақытқа келу үшін ресімделеді.
АЭА аумағына кіру үшін уақытша рұқсаттаманы АЭА қатысушы бір сағат ішінде үш данада ресімдейді, олардың әрқайсысы мынадай тәртіппен бөлінеді:
бірінші данасы бақылауды жүзеге асыратын БӨП-те болады;
екінші данасы осындай рұқсаттаманы берген тұлғада болады;
үшінші данасы АЭА аумағында қызметін атқаратын тұлғаға кері қайтарылады.
13. Осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасы АЭА аумағының бөлігінде өзінің қызметін жүзеге асыратын АЭА қатысушысына қатысты қолданылмайды.
АЭА аумағының бөлігіне кіруге рұқсат беруді осы аумақтықта орналасқан АЭА қатысушысы жүзеге асырады.
14. Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген жағдайларда адамдардың өмірін құтқаруды және денсаулығын сақтауды жүзеге асыру үшін медициналық қызметтер мен өзге қызметтердің қызметшілерін АЭА аумағына кіргізу БӨП тоқтаусыз жүзеге асырылады.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағына жайластыру және
осындай аумаққа кіруге рұқсат беру қағидасы қосымша
Нысан
АЭА қатысушысының атауы
______________________________ «___»_______20___ж.
№ р/с Қызметін АЭА аумағында жүзеге асыратын тұлғаның штатындағы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні жеке тұлғаны жұмысқа қабылдау туралы куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні көлік құралының маркасы мен тіркеу нөмірі
А.Ә.Т._________________________________ _________ басшының қолы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №210 бұйрығына 2-қосымша
Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру,
сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелуге және мұндай аумақтан оларды әкетуге рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелуге және мұндай аумақтан оларды әкетуге рұқсат беру қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 60-1-бабына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақтың аумағына (аумағынан) тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру, тауарларды әкелуге және әкетуге рұқсат беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – АЭА).
2. Тауарларды, оның ішінде АЭА аумағына әкелінген немесе АЭА аумағынан әкетілген Кеден одағының тауарларын өткізу бақылау-өткізу пункттері (бұдан әрі – БӨП) арқылы жүзеге асырылады.
2. Порттық және логистикалық АЭА қоспағанда,
АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру тәртібі
3. Порттық және логистикалық АЭА қоспағанда, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағына тауарларды әкелу мұндай әкелу туралы мемлекеттік кірістер органына хабарлай отырып, жүзеге асырылады.
4. АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы мемлекеттік кірістер органына хабарлауды (бұдан әрі – хабарлама) мына тұлғалар (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) жүргізеді:
тасымалдаушы (кедендік тасымалдаушы) немесе кедендік бақылаудағы шетелдік тауарларды, сондай-ақ кедендік бақылауда тұрмаған Кеден одағының тауарларын тасымалдауды жүзеге асыратын өзге тұлға;
АЭА қатысушы немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлға;
АЭА аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыратын өзге тұлға немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлға;
5. АЭА аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарын бақылауды және есебін жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті тұлға мемлекеттік кірістер органына коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) кедендік бақылау үшін қажетті мәліметтер бар әкелінетін тауарларға қатысты кедендік құжаттардың көшірмелерін және түп нұсқаларын ұсыну арқылы хабарлайды.
Коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттары ретінде Кодекстің 4-бабының 1-тармағының 29) және 30) тармақшаларында көрсетілген құжаттар беріледі.
Кедендік құжаттар ретінде мыналардың бірі беріледі:
Мемлекеттік кірістер органдары мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес ресімдеген тауарларға арналған декларация немесе оған сәйкес тауарлар еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған өзге құжат;
транзиттік декларация немесе транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын өзге құжат (ХЖТ кітапшасы, карнет АТА).
6. АЭА аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу туралы шешімді мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы тауарлар мен осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттарға қатысты кедендік бақылауды жүргізгеннен кейін дереу қабылдайды.
АЭА аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу туралы шешімді қабылдау кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы ұсынылған коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) кедендік құжаттардың көшірмелеріне және түп нұсқаларына қол қоюмен және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен расталатын тиісті белгілерді, шешім қабылдаған күнді қояды.
Ұсынылған құжаттардың түп нұсқалары уәкілетті тұлғаға кері қайтарылады, ұсынылған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік кірістер органында қалады.
7. Осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауына байланысты АЭА аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы уәкілетті тұлғаға мұндай бас тартудың себептері және ол тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жасауы қажет әрекеттер туралы дереу хабардар етеді.
Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту парағын ресімдейді.
8. Мемлекеттік кірістер органы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы, оның ішінде электронды түрдегі АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаларды тіркеу журналында хабарламалардың есебін жүргізеді.
3. Порттық немесе логистикалық АЭА аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу тәртібі
9. Порттық немесе логистикалық АЭА аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мемлекеттік кірістер органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
10. Порттық немесе логистикалық АЭА аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге рұқсат (бұдан әрі – әкелуге арналған рұқсат) мына тұлғаларға:
тасымалдаушыға (кедендік тасымалдаушыға) немесе шетелдік тауарларды және Кеден одағының тауарларын тасымалдауды жүзеге асыратын өзге тұлғаға;
АЭА-ға қатысушыға немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаға;
АЭА аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыратын өзге тұлғаға немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаға ұсынылады.
11. Осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген тұлғалар порттық немесе логистикалық АЭА аумағына тауарлар және көлік құралдарын әкелуге рұқсат алу мақсатында мемлекеттік кірістер органына мыналар:
1) тауарлардың атауы;
2) тауарлардың мөлшері;
3) тауарлардың өлшем бірілі;
4) тауарлардың брутто салмағы;
5) тауарлардың құны;
6) көлік құралы туралы мәліметтері бар коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) кедендік құжаттарды ұсынады.
12. Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы тауарларға, көлік құралдарына, сондай-ақ осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қатысты кедендік бақылауды жүргізгеннен кейін дереу тауарларға және көлік құралдарына рұқсат ету туралы шешім қабылдайды.
Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу туралы шешім қабылдаған кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы ұсынылған құжаттардың сол жақ жоғары бұрышына «АЭА аумағына әкелуге рұқсат беріледі» деген бедер түріндегі тиісті мөртаңбаны, қол қоюмен және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен расталатын шешім қабылдаған күнді қояды.
Ұсынылған құжаттардың түп нұсқалары осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген уәкілетті тұлғаға қайтарылады.
13. Осы Қағиданың 11-тармағында белгіленген құжаттардың ұсынылмауына байланысты тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы дереу мұндай бас тартудың себептері және ол тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жасауы қажет әрекеттер туралы хабардар етеді.
Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы осы Қағидаға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша бас тарту парағын ресімдейді.
4. АЭА аумағынан тауарлар мен көлік құралдарын әкету тәртібі
14. АЭА аумағынан, оның ішінде ЕКА кедендік рәсімі қолданылатын порттық және логистикалық АЭА-ның аумағынан тауарлар мен көлік құралдарын әкету мемлекеттік кірістер органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
15. АЭА аумағынан тауарлар мен көлік құралдарын әкету мақсатында мемлекеттік кірістер органы АЭА аумағынан тауарлар мен көлік құралдарын әкетуге рұқсат ету үшін (бұдан әрі – әкетуге арналған рұқсат) кедендік бақылауды жүзеге асырады.
16. Әкетуге арналған рұқсат мына тұлғаларға:
тасымалдаушыға (кедендік тасымалдаушыға) немесе шетел тауарларды және Кеден одағының тауарларын тасымалдауды жүзеге асыратын өзге тұлғаға;
АЭА-ға қатысушыға немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаға;
АЭА аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыратын өзге тұлғаға немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаға ұсынылады.
17. Әкетуге арналған рұқсат мемлекеттік кірістер органына:
әкетілетін тауарлардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік рәсіммен орналастырылғанын;
егер, әкелінетін тауарлар АЭА аумағына кедендік рәсіммен орналастырылмастан әкелінген жағдайда көрсетілген тауарлар кедендік мақсат үшін Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие екендігін растайтын құжаттарды және мәліметтерді ұсыну шартымен ұсынылады.
18. Осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген тұлғалар әкетуге арналған рұқсатты алу мақсатында мемлекеттік кірістер органына коммерциялық, көліктік (тасымалдау) немесе:
1) тауарларды жөнелтушінің және алушының атауы және тұрған жері;
2) тауарлардың атауы (саудалық, коммерциялық немесе өзге дәстүрлі атаулары) және олардың мөлшері (жүк орнының саны, тауарлар орамының түрлері, тауарлардың брутто салмағы (килограммен);
3) көлік құралдары туралы және оның тіркеу нөмірлері;
4) АЭА аумағынан әкетілетін тауарларға қолданылатын кедендік рәсім туралы мәліметтері бар осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген кедендік өзге құжаттарды ұсынады.
19. Әкетуге арналған рұқсатты мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы тауарларға және көлік құралдарына, осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қатысты кедендік бақылауды жүргізгеннен кейін дереу ресімдейді.
Тауарлар мен көлік құралдарын әкету туралы шешім қабылдаған кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы ұсынылған құжаттардың сол жақ жоғары бұрышына «АЭА аумағынан әкетуге рұқсат беріледі» деген бедер түріндегі тиісті мөртаңбаны, қол қоюмен және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен расталатын шешім қабылдаған күнді қояды.
20. Осы Қағиданың 17 және18-тармақтарында белгіленген шарттардың сақталмауына және құжаттардың ұсынылмауына байланысты тауарлар мен көлік құралдарын әкетуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы тұлғаға мұндай бас тартудың себептері және ол тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жасауы қажет әрекеттер туралы хабардар етеді.
Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту парағын ресімдейді.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру,
арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелуге және
мұндай аумақтан тауарларды әкетуге рұқсат беру қағидасына 1-қосымша
Нысан
Бас тарту парағы
Мемлекеттік кірістер органының атауы, коды
20___ж. «___»_______.______________________________
Мемлекеттік кірістер органы мына тауарларды және көлік құралдары АЭА аумағына (аумағынан) әкелу (әкету) мүмкін емес екендігі туралы шешім қабылданғанын хабарлаймыз:
№ р/с Тауардың атауы
мынадай себептер бойынша:
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
(АЭА аумағына (аумағынан) әкелу (әкету) мүмкін емес екендігі туралы шешім қабылданған себептер көрсетіледі)
Сізге АЭА аумағына (аумағынан) әкелу (әкету) мақсатында тауарларға және осындай тауарларды
тасымалдайтын көлік құралдарына қатысты мынадай әрекеттерді жасау қажет: _______________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғасының А.Ә.Т.
___________________________________________________________________________________
(қолы) ЖНМ
Бас тарту парағын алған тұлғаның А.Ә.Т.
___________________________________________________________________________________
(қолы)
Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру, арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелуге және мұндай аумақтан тауарларды әкетуге рұқсат беру қағидасына 2-қосымша
Нысан
АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаларды тіркеу журналы
Тіркеу № Жөнелтуші Алушы Тауардың атауы Саны Салмағы (бруто) кг. Құны Көлік құралының маркісі және нөмірі Тауардың мәртебесі Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №210 бұйрығына 3-қосымша
Тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті ұсыну қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті ұсыну қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 60-1 және 210-баптарына және 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің (бұдан әрі – АЭА туралы келісім) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және еркін кедендік аймақ (бұдан әрі – ЕКА) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың және көрсетілген кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айындайды (бұдан әрі – Қағида).
2. Тауарлардың есебін жүргізу тәртібі
2. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы (бұдан әрі – АЭА қатысушы) осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандар бойынша есепке алу кітабын жүргізу жолымен (бұдан әрі – Есепке алу кітабы) қағаз тасымалдағышында немесе мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдаланып электрондық түрде ЕКА кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың және көрсетілген кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есебін жүргізеді.
3. Есепке алу кітабын АЭА туралы келісімнің 15-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзім ішінде АЭА-ға қатысушы сақтайды.
4. Есепке алу кітабын АЭА-ға қатысушы мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғаларына Кодекстің 187-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу мақсатында олардың талап етуі бойынша ұсынады.
3. Мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну тәртібі
5. АЭА-ға қатысушы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын осы Қағидалардың 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандар бойынша мемлекеттік кірістер органына мынадай:
1) ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға, сондай-ақ осындай тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға жүргізілген операциялар туралы;
2) АЭА құрлысы үшін ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бойынша;
3) логистика бойынша операцияларды жасау мақсатында ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған логистикалық АЭА аумағына әкелінген тауарлар туралы есептіліктерді (бұдан әрі – Есептілік) ұсынады.
6. Есептілік мемлекттік кірістер органына қағаз тасымалдағышында немесе мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесімен интеграцияланған тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдаланып электрондық түрде ұсынылады.
Тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті ұсыну қағидасына 1-қосымша
Нысан
ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды есепке алу кітабы
р/с № Тауарларға арналған декларацияның/ тізбенің* № Тауардың мәртебесі (Кеден одағының немесе шетелдің тауары) Тауардың атауы Салмағы, нетто (кг) Кедендік құны (теңге) Орындар-дың саны Әкелу күні Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9
* Кеден одағының тауарларын ЕКА кедендік рәсімімен орналастырған кезде оны пайдалану Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларциялар ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың ережелерімен регламенттелген Тізбенің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті ұсыну қағидасына 2-қосымша
Нысан
ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған)
тауарларды есепке алу кітабы
р/с № ЕКА рәсімнің аяқталуы кезінде тауарларға арналған декларацияның №
Тауардың атауы (қайта өңдеу өнімі) Салмағы, нетто (кг) Кедендік құны (теңге) Орындар-дың саны Әке-тудің нақты күні ЕКА рәсімімен орналастырған кезде тауарларға арналған декларацияның (тізбенің)* №
(алдыңғы құжат) Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9
* Кеден одағының тауарларын ЕКА кедендік рәсімімен орналастырған кезде оны пайдалану Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларциялар ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың ережелерімен регламенттелген Тізбенің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті ұсыну қағидасына 3-қосымша
Нысан
________________________________________________нан
(ұйымның атауы, БЖН, мекен-жайы)
20___ жылғы «__» _______ бастап 20___ жылғы «__» _______
ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға жасалған операциялар туралы, сондай-ақ осындай
тауарларды ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған жасалған (алынған) тауарлары туралы
ЕСЕПТІЛІК
М.О. ________________________________________________
(АЭА-ға қатысушы басшының А.Ә.Т., қолы, күні)
1-бөлім. ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға жасалған операциялар
р/с № Тауардың атауы
Тауарлардың КО СЭҚ ТН коды (10 белгі) ЕКА рәсімнімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның № Тауардың саны Тауардың санының өлшем бірлігі Тауарларға жасалған операция түрлері Тауарлардың қолданылғанын растайтын құжаттың № және күні (бар болған жағдайда) Қайта өңдеу (өңдеу) бойынша операциялар нәтижесінде алынған тауардың атауы Қайта өңдеу (өңдеу) бойынша операциялар нәтижесінде алынған тауардың саны есептілік күні АЭА қатысушысындағы қайта өңдеу (өңдеу) бойынша операциялар жасалмаған
тауарлардың қалдығы (саны) Тауарлардың пайдаланғаны фактісін растайтын құжаттың күні және нөмірі
Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Шетелдік тауарлар
Кеден одағы тауарлары
Таблицаның жалғасы
*2-бөлім. Есептілік күні 1-бөлімде көрсетілгін мәлімдерге сәйкес ЕКА рәсімнімен орналастырылған тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар
р/с
№ Тауардың атауы
Тауарлардың КО СЭҚ ТН коды (10 белгі) ЕКА рәсімін аяқтаған тауарларға арналған декларацияның № Тауарларға қатысты жасалынған келісімдер туралы мәліметтер (бар болған жағдайда) Кедендік рәсімнің коды Тауардың саны Тауардың санының өлшем бірлігі Тауарларға жасалған операциялардың түрі Алдынғы тауарларға арналған декларацияның № Тауарларға жасалған келісім туралы, тауарларды іске асырылуын растайтын құжаттың номері және күні ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар
Шетелдік тауарларды пайдалана отырып жасалған (алынған) тауарлар
Кеден одағы тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар
*Есептілік тоқсан сайын мәлімметтердің көбейуімен ұсынылады
Тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті ұсыну қағидасына 4-қосымша
Нысан
________________________________________________нан
(ұйымның атауы, БЖН, мекен-жайы)
20___ жылғы «__» _______ бастап 20___ жылғы «__» _______
АЭА құрлысын салу үшін ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бойынша
ЕСЕПТІЛІК
М.О. ________________________________________________
(АЭА-ға қатысушы басшының А.Ә.Т., қолы, күні)
1-бөлім. АЭА жайластыру және объекттердің құрылысын салу мақсатында ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар
р/с
№ Тауардың атауы Тауарлардың КО СЭҚ ТН коды (10 белгі) ТД/ЭД, тізілім № Тауардың саны Тауардың санының өлшем бірлігі Тауарларға жасалған операция, әкелу мақсаты Тауарлар көрсетілген қаржы – шаруашылық бухгалтерлік есепке алу есеп шоты жоспарына сәйкес суб есеп шоты және есеп шоты № Объекттің атауы және орнасуы Құрылыстың басталуы және құрылыстың аяқталуы (құрылыстың күні,) жобаның құны Жоба – сметалық құжаттары бойынша пайдалануы тиіс тауар саны және (немесе) өзге құжаттар бойынша Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 10 11 12 13
Шетелдік тауарлар
Кеден одағы тауарлары
Таблицаның жалғасы
* 2-бөлім. Есептілік күні 1-бөлімде көрсетілгін мәлімдерге сәйкес ЕКА рәсімімен орналастырылған тауарларды АЭА жайластыру және объектілерін салу кезінде пайдаланған тауарлар
р/с № Тауардың атауы Тауарлардың КО СЭҚ ТН коды (10 белгі) Алдынғы ТД/ЭД, тізілім № Тауарларды шығынға шығару қаржы – шаруашылық бухгалтерлік есепке алу есеп шоты жоспарына сәйкес суб есеп шоты және есеп шоты № ТД/ЭД, тізілім № және
кедендік рәсімнің кодына сәйкес тауарлар әкетілуі Тауардың саны Тауардың санының өлшем бірлігі Жоба – сметалық құжаттары бойынша пайдаланылған тауар саны және (немесе) өзге құжаттар бойынша Тауарларға жасалған операциялардың түрі, тауарлардың пайдаланылғанын растайтын құжаттың нөмірі және күні Пайдаланылмаған тауарлар, қалдықтар Келісімнің 15-бабының 5-тармағына сәйкес өзге кедендік рәсімге орналастырылмастан бақылаудан алынды ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 12 13 14
Шетелдік тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар
Шетелдік тауарларды пайдалана отырып жасалған (алынған) тауарлар
Кеден одағы тауарлардан жасалған (алынған) тауарлар
*Есептілік тоқсан сайын мәлімметтердің көбеюімен ұсынылады
Тауарлардың есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына еркін кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті ұсыну қағидасына 5-қосымша
Нысан
________________________________________________нан
(ұйымның атауы, БЖН, мекен-жайы)
20___ жылғы «__» _______ бастап 20___ жылғы «__» _______
логистика бойынша операцияларды істеу мақсатында ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған логистикалық АЭА аумағына әкелінген тауарлар туралы
ЕСЕПТІЛІК
М.О. ________________________________________________
(АЭА-ға қатысушы басшының А.Ә.Т., қолы, күні)
1-бөлім. логистика бойынша операцияларды істеу мақсатында ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған логистикалық АЭА аумағына әкелінген тауарлар
р/с
№ Тауардың атауы Тауарлардың КО СЭҚ ТН коды (10 белгі) ЕКА рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның № Жүк құжаты № Транзиттік декларация № Тауардың саны Тауардың санының өлшем бірлігі Әкелу мақсаты Тауарлар көрсетілген қаржы – шаруашылық бухгалтерлік есепке алу есеп шоты жоспарына сәйкес суб есеп шоты және есеп шоты № Тауарлар сақталудағы қойма туралы мәліметтер Тауарлардың пайдаланғаны фактісін растайтын құжаттың күні және нөмірі Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Шетелдік тауарлар
Кеден одағы тауарлары
Таблицаның жалғасы
*2-бөлім. Есептілік күні 1-бөлімде көрсетілгін мәлімдерге сәйкес оларға логистика бойынша операцияларды істелінген логистикалық АЭА аумағынан әкетілген тауарлар
р/с № ТД/ЭД, тізілім № және
кедендік рәсімнің кодына сәйкес тауарлар әкетілуі Тауардың атауы Тауарлардың КО СЭҚ ТН коды (10 белгі) Тауардың саны
өлшем бірлігі Тауарларға жасалған операциялар түрлері Тауарлар сақталған қойма туралы мәліметтер Тауарларды шығынға шығару қаржы – шаруашылық бухгалтерлік есепке алу есеп шоты жоспарына сәйкес суб есеп шоты және есеп шоты № АЭА аумағынан шығару мақсатында декларациялау үшін тауарлар берілген тұлға туралы мәліметтер Тауарларға жасалған келісім туралы, тауарларды іске асырылуын растайтын құжаттың номері және күні Алдынғы ТД/ЭД, тізілім №
және кедендік рәсімнің коды Алдынғы ТД/ЭД, тізілім №
бойынша қалдықтар ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Шетелдік тауарлар
Кеден одағының тауарлары
*Есептілік тоқсан сайын мәлімметтердің көбейуімен ұсынылады
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №210 4-қосымша
Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды,
Кеден одағының тауарлары деп тану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, Кеден одағының тауарлары деп тану қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 60-1-бабына және 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің 15-бабының 5 және 8-тармақтарына сәйкес әзірленді және еркін кедендік аймақ (бұдан әрі – ЕКА) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, кедендік бақылауда тұрмаған Кеден одағының тауарлары деп тану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағида мынадай жағдайларда:
1) арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) жұмыс істеуі тоқтаған немесе АЭА аумағында ЕКА кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде;
2) тұлға АЭА қатысушы мәртебесін жоғалтқан жағдайда, АЭА қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімінің өтуіне және осы шарттың талаптарын орындауға байланысты қолданылады.
3. ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, Кеден одағының тауарлары деп тануды АЭА-ға қатысушының дәлелді жазбаша өтініші негізінде мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады.
2. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды Кеден одағының кедендік бақылауда тұрмаған тауарлары деп тану тәртібі
4. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған, пайдалануға берілген және АЭА қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты іске асыру және аталған шарттың талаптарын орындау үшін АЭА-ға қатысушы пайдалануға енгізген жабдық, сондай-ақ ЕКА кедендік рәсімімен