25 Қаңтар, 2011

Рефрижератор құрсаудан құтқарылды

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскери ұшақта да көштен қалар емес Қытай жойғыш ұшағының бесінші буынын жасауға қол жеткізіп, оны сынақтан өткізді. Бұл оқиға әлемдегі барлық мамандарды таңқалдырып отыр. Өйткені, олардың пікірінше, Қытайдың конструкторлық ақыл-ойы мен техникалық мүмкіншіліктері оған қол жеткізуге әлі ерте еді. Осы уақытқа дейін АҚШ пен Ресейде ғана ондай жойғыш ұшақтар бар-тын. Кейбір сарапшылар Қытайдың бұл әскери ұшағын 1999 жылы Сербияда атып түсірілген АҚШ-тың осы буындағы бомбалағыш ұшағының көшірмесі деседі. Қытай­лықтар оның қалдықтарын жергілікті тұрғындардан металл сынығы ретінде сатып алыпты-мыс... Бірақ АҚШ-тың әскери-әуе күштерінің өкілі мұны теріске шығарып отыр. Кеше Охот теңізіндегі мұз құрсауында қалған Ресейдің «Берег надежды» атты тағы бір теңіз рефрижераторы құтқарылды. «Адмирал Макаров» атты мұзжарғыш кеме желтоқсан айы­ның аяғынан бері құрсауда тұрған рефрижераторды құтқарып, тіркеген күйі тыныстайтын теңіз алаңына бір-ақ жеткізді. Көп уақытқа теңізде балық аулауға шыққан рефрижератор күннің күрт суып кетуінің кесірінен байланған мұзды жарып шыға алмай, құрсауда қалған еді. Бұған дейін де осындай біраз балық аулайтын кемелер мұздан құтқарылған болатын.