04 Мамыр, 2016

Ақтөбеде Қызылорда облысының күндері өтті

322 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
04.05.2016 AQT-2 АҚТӨБЕ. 4 мамыр. Ақтөбеге Қызылорда облысынан 200-ге тарта делегат келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Олардың арасында «Арал тұз», «Сыр маржаны» секілді белгілі шаруашылықтардың өкілдері бар.  Қызылордалық делегаттардың 120-сы — өнерпаздар. Олардың қатарында Қызылордадағы Тұрмағанбет Ізтілеуов атындағы ұлт аспаптар оркестрі, камералық хор және «Томирис» би ансамблі ұжымдары, жыраулар мен әншілер бар. Олар Қызылордалық джелегация өкілдері сала – салаға бөлініп, аумақтың экономикалық –әлеуметтік және мәдени – спорттық әлеуетімен танысты. Өнеркәісіп саласының өкілдері қаладағы барлық инфрақұрылымы жүргізілген индустриялық аймақта, «Ақтөбе мұнай қондырғылары және сорғылар дайындау», «ЭкотонБатыс», «Назар Трейлер», «Каспий плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты іргелі кәсіпорындарда болды. Ал, ауыл шараушылығы саласы мамандарын «Ақтөбе жылыжай» ЖШС-нің көкөніс өндірісі мен «АкТЕП»ЖШС-нің мал бордақылау алаңы мен ет комбинаты қызықтырды Осы заманға медициналық қондырғылармен жабдықталған «Дару» оңалту орталығын, облыстық ересектер ауруханансын және құрылысы басталған офтальмалогиялық аурухана жұмысымен танысқанқ қызылордалықтар өңірде медициналық кластер және медициналық туризм құру жобасының негізсіз емес екеніне көз жеткізді. Қызылорда облысының Ақтөбедегі күндері аясында «НұрОтан» партиясы облыстық филиалында өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  Дөңгелек үстел барысында облыстардың әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық және аймақаралық байланыстарды нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылды. Дөңгелек үстел барысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев екі өңірдің экономикалық – әлеуметтік даму бағыттарына тоқталып, алдағы уақытта қандай жобаларды бірлесіп жүзеге асуыруға болатыны туралы ойларын ортаға салды. Қол қойылған меморандумға сәйкес алдағы екі жылдың ішінде көршілес екі облыс импорт алмастыру мен ақырғы тұтынушылар үшін өнімді арзандату бойынша жұмыстарды күшейтпек, құны 3,3 миллиард теңге болатын өнімді тікелей жеткізу жөнінде 30-дан астам келісімге қол қойылды. Ал, қызылордалықтар 2016 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысына өндірушінің құнымен 11 мың тонна азық түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізбек болып келісті. Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында қызылордалық өнер шеберлерінің «Сыр — Алаштың анасы» атты концертіне ақтөбеліктер көп жиналды Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда өткен Тұрмағамбет Ізтілеуов атындағы ұлт аспаптар оркестрінің концерті де көреременнің көңілінен шықты. Сөйтіп, сыр өңірінің өнерпаздары екі күн бойы Ақтөбе аспанын ән мен жырға бөледі. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, фото: egemen.kz 04.05.2016 AQT-1