Алғаш рет ауыл тұрғындарын мемлекет тарапынан ынталандырудың бұрын-соңды болмаған шаралары қолға алынбақшы
Парламент қабылдап жатқан барлық заңдардың басты мақсаты – экономиканы өсіру және Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру. Біздің университетіміздің ғалымдар қауымы осылай деп есептейді. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысалға Жер кодексін алайықшы. Мұнда жер иесіне берілетін артықшылық жағдайлар тайға таңба басқандай етіп көрсетілген. Арендаторлар, Қазақстан азаматтары ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді, мерзімін 10 жылға дейін ұзартып бөліп төлеу арқылы, жеңілдетілген бағамен жекеменшікке сатып алу құқығына ие.
Сәтімен іске асқан жағдайда Жер кодексінің көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемаларды әр алуан қырынан шешуге, өнеркәсіп өсімін қамтамасыз етіп, тұрғындарды және өндіріс орындарын, ауыл шаруашылығын урбанизациялауға, демографиялық тұрғыдағы артықшылықтарға иек артуға мүмкіндігі молынан жетеді дер едік. Автоөнеркәсіптің және экономиканың аралас салаларының қарқынды дамуы міндетті түрде осыларға сабақтаса жүрмек.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы бір сәтте іске аса қалатын жай жоба емес, елдің экономикалық әлеуетін дамыту мен нығайтудың аса ауқымды мемлекеттік бағдарламасы. Онда Қазақстан болашағының түп негіздері қаланған. Тарихшы ретінде көзім жететін нәрсе, көне заманнан бері батыр бабаларымыз білектің күші, найзаның ұшымен қорғап, бізге мұра етіп қалдырған осынау жердің қадір-қасиеті баға жеткісіз. Ел иесіз болмас, жер киесіз болмас. Атамекен жеріміз біздікі болып келді және солай болып қала бермек. Тәуелсіздігіміздің өзі де бізге небір тар жол, тайғақ кешулер арқылы келгендігі белгілі.
Жұмыс бабына байланысты өңірлердегі білім беру мекемелерінің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында елді жиірек аралауға тура келеді. Кейбір әсерлерге күйзеліп-ақ қаласың. Бұл Семей аймағына қатысты айтылар сөз. Мұнда біраз жерлер шөлейттеніп, топырақ эрозиясына ұшырауда. Бұрынырақта қарағайлы орман сыңсыған атыраптарды бүгінде құм басқан. Сонда біз өз ұрпағымызға не қалдырмақпыз? Қолымызды жүрегімізге қойып: «Ондаған жылдар бойы тоз-тоз болып жатқан мына жерді мен алып жазира жұмаққа айналдырамын!», – деп атамекенді аялауға ұмтылған қайсымыз бармыз? Ал сол жер алыста емес, еңкейсең қолың тиетін, аяғымыздың астында жатыр емес пе?!
Бұдан он жыл бұрын бос жатқан жерлерде ермен өсіп кетті деп журналистер дабыл қаққаны есімізде. Біз ең басты мына бір жайтты жадымыздан шығармауымыз қажет: Біздің жеріміз аса қомақты экономикалық актив болып табылады, оны ұтымды да орынды пайдалану өз қолымызда. Ауыл шаруашылығының дамуына қуатты серпін беруді енді бір күн де кешіктіруге болмайды. Біздің жекеменшік иелері мен жер пайдаланушылар өз телімдерінде ауылшаруашылық құрылыстарын және қажетті инфрақұрылымдар жүргізуге хақылы. Бұрын ауыл тұрғындарының мұндай мүмкіндіктері болмаған. Заңнаманың жаңа нормаларында ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы халықаралық іс-тәжірибесінде сыннан өткен озық технологиялар іске қосылып отыр. Көптеген еуропалық елдерді қосып алғандағы аумақтан асып түсетін біздің Қазақстанның кең байтақ жері құр көзді ғана қуантуға тиісті емес. Қасиетті де киелі жеріміз өз халқына пайда әкелуі тиіс. Бүгін де, ертең де, барлық уақыттарда да. Сөйтіп, барлық экономикалық бағыттар бойынша жасалып жатқан мемлекеттік қолдау біздің баршамыздың болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік бермек.
Ерлан СЫДЫҚОВ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры
АСТАНА

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47