25 Қаңтар, 2011

Еңбегіне қарай өнбегі

584 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
«Қарашығанақ Петролиум Опе­рейтинг Б.В» компаниясы елімізде өндірілетін барлық табиғи газ көлемінің тең жартысын, сондай-ақ іс жүзінде өндірілетін сұйық көмірсутектерінің бестен бір бө­лігін береді. Қазіргі таңда Қара­шығанақ – мыңдаған жұмыс ор­ны, озық технологиялар мен қо­мақты салық түсімдері мекені. «Қарашы­ға­нақ Петролиум Опе­рей­тинг» ком­па­ниясының Батыс Қа­зақстан облысының әлеуметтік жағынан өр­кендеуіне атсалысу қарқыны қарышты. Компания тарапынан 2009 жыл­ға дейін облыстағы әлеуметтік жо­баларға жыл сайын 10 млн. дол­лар бөлініп отырды. Бұл қар­жы­ға өң­ір­дегі денсаулық сақтау ны­сан­дары, білім беру мекемелері, тұр­ғын үйлер салынып, жол жөн­дел­ді, газ құбырлары тартылды. Ал өткен жылдан бастап әлеу­меттік салаға жұмсалатын инвестиция көлемі екі есеге дейін өсті. Қарашығанақ консорциумы­мен әріптестік нәтижесінде қол жет­кізілген маңызды жетіс­тік­тер­дің бірі – Орал өңірін газдандыру болып табылады. Соңғы бірнеше жыл ішінде облыста газдандыру жұмыстары бойынша бірқатар кө­лемді жұмыстар атқарылды. Ел­ба­сы Н.Назарбаевтың тапсырма­сымен басталған Қарашығанақ-Орал газ құбыры құрылысы  өңір­дегі көкейкесті әрі күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе – Жай­ық өзенінің сол жағалауындағы елді мекендерді газдандыруды тү­бегейлі шешті. Тартылған жаңа газ құбырының ұзындығы 150 ша­қырымды құрайды. Жоба құ­ры­лысы жергілікті билік өкілде­рінің тұрақты бақылауымен жүзе­ге асырылды. Бастапқы жоба об­лыс әкімінің табандылығы арқа­сында газды шалғайда жатқан ау­ылдарға дейін жеткізді. Яғни, өңірдің оңтүстігіндегі алыс аудандар көгілдір отын қызығын көрді. Компания жыл сайын Батыс Қазақстан облысы аумағында бірнеше ірі әлеуметтік нысанды іске қосады. Осы орайда айтатын бір жәйт, әлеуметтік жобаларға облыс қажетіне бөлінетін қаржыдан бө­лек, «Қарашығанақ Петролиум Опе­рейтинг» орналасқан Бөрлі ау­да­нына да ерекше назар ауда­ры­лады. Тек демеушілік бағдар­л­а­ма­сымен қаржыландырылатын әлеу­мет­тік жобаларға емес, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға да жәрдем көрсетіледі. Қарашығанақта қолданылатын заманауи жабдықтар өз ісінің шеберлеріне ғана сеніп тапсыры­ла­ды. Сондықтан қызметкерлерді оқы­ту мен біліктіліктерін артты­ру, білімдерін жетілдіруге күш салу консорциумның алдына қойған негізгі мақсаттарының бірінен са­налады. Компания жергілікті тауар жеткізушілер мен қызмет көр­сетушілерді дамыту бағдарла­ма­сын жүзеге асырған кәсіпорын­дар­дың бірі болып табылады. Қа­зір Қарашығанақтың дерекқо­ры­н­да 2700 қазақстандық өндіруші мен тауар жеткізуші тіркеуде тұр. 1997 жылы қол қойылған ӨБСК-ден (өнімді бөлу жөніндегі соңғы келісім) кейін бүгінге дейін бар­лық қол қойылған келісім-шарт­тардағы қазақстандық мазмұн кө­лемі 3,5 млрд. АҚШ долларынан асып түскен. Мұның барлығы өң­ір­дің тұрақты дамуына бағытта­лыпты. Сондай-ақ «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» орнық­ты даму бойынша есебін Батыс Қа­зақстан облысында алғашқы болып жариялады. Бір сөзбен айтсақ, «Қара­шы­ға­нақ Петролиум Оперейтинг Б.В» консорциумдағы әріптестері және облыстық әкімдіктің қолдауымен осында жұмыс істейтін көптеген еңбектерлердің мекенін және кен орнына іргелес жатқан ауыл-ай­мақ­пен бірге тұтастай алғанда Ба­тыс Қазақстан облысын өркенде­тіп өсіп-өнуіне үлес қосуды өз­дерінің азаматтық үлгісі ретіндегі парыз санайды. Компания жүзеге асырып жатқан үлкен жұмыстар Астанада өткен жылы желтоқсан айында өткен «Парыз-2010» әлеу­меттік дамыту республикалық кон­курсының қорытынды салта­на­тын­да айрықша атап өтіліп, ма­ра­патталды. Атап айтсақ, «Қара­шы­ғанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясы «Үздік әлеумет­тік жоба» санаты бойынша алтын мара­патқа ие болды. Марапаттау сал­та­натына Қазақстан Республи­касы­ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Премьер-Министр Кә­рім Мә­сімов және Үкімет мүше­лері мен басқа ресми тұлғалар қатысты. «Парыз» алтын марапаты «Қа­рашығанақ Петролиум Оперей­тинг Б.В» компаниясының жетістігі ғана емес, оның қызмет­кер­ле­рінің, әріптестері мен мердігер­ле­рінің де жеткен жетістігі. Конкурс жеңімпаздары өндірістің түрлі са­ла­сынан ұсыныс білдірген 400-ден аса компания ішінен іріктелген бо­латын. Ал байқаудың басты тала­бы – қоғам үшін шынайы қызмет көр­сетіп, ел игілігін еселеу. Бұл орайда айтулы марапаттың Қара­шы­­ға­наққа бұйыруы көп нәрсені аң­ғартады. Компания өзі ірге тепкен өңірдің өміріне белсенді ара­ла­­сып, өнегелі істердің атқар­ы­луы­­на аянбай атсалысып жатыр. Венера ТҮГЕЛБАЙ.