Түркітілдес театрлар фестивалінде «Ең үздік спектакль» жүлдесін алды
Бұл күндері Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Түркия мемлекетінен үлкен табыспен оралып отыр. Аталмыш театр 20-30 сәуір аралығында Түркияның Конья қаласында өткен «Мың тыныс – бір дауыс» атты Түркітілдес театрлардың ХІ халықаралық фестивалінде «Ең үздік спектакль» жүлдесін жеңіп алды.
Жастар театрының жетекшісі Сәбит Әбдіхалықов халықаралық өнер додасының өте жоғары деңгейде өткізілгенін айтады. Сондай-ақ, театрдың шығармашылық ұжымы өздерінің өнерлерін шыңдауда өте жақсы мүмкіндіктерге ие болған екен. Қазақ актерлері үшін фестивальдің мұсылмандар мейрамы – Мәулітпен тұспа-тұс келуі есте қаларлықтай, ерекше әсерлі болған.
Фестивальге Түркияның бес театрынан бөлек, Македония, Молдова, Әзербайжан, Кипр, Грузия, Ирак, Иран, Болгария сынды елдердің өнер ордалары сайысқа түсіп, бақ сынасты.
Сонымен, халықаралық фестивальде қазақ театры Георгий Хугаевтың «Қара шекпен» қойылымын Коньяның орталығында орналасқан Түрік ұлттық «Devlet» театрының сахнасында қойды.
Қазақ көрермендерінің қошеметіне бөленіп жүрген спектакльдің қоюшы-режиссері – Асхат Маемиров, қоюшы-суретшісі – Индира Ихсан, музыкамен көркемдеген – Динара Әбікеева, Болатбек Нұрқасымов, балетмейстер – Ринат Билібаев.
Түркия көрермендері ғана емес, түркітілдес мемлекеттерден келген кәсіпқой театр ұжымдарының көңілінен шыққан тамаша қойылымда Данияр Базарқұлов, Жанар Мақашева, Ерлан Кәрібаев, Әсет Есжан, Еділ Рамазанов, Гүлбаһрам Байбосынова, Сәния Ерзат, Дархан Сүлейменов, Ербол Садырбаев, Ербол Ыдырысов, Гауһар Сағынғалиева, Толқын Нұрбекова, Қуаныш Тұрдалин, Гүлдана Ергешова, Мөлдір Қонысқызы, Динара Шымырбаева, Елдар Отарбаев сынды әртістер тамаша өнер көрсетіп, сахналық шеберліктерімен әріптестерін тәнті еткен.
Пенделердің де болмысымен астасып жатқан бұл пьесада бір ғана адам бар. Ол қара шекпенді Шопан. Спектакльдің басты кейіпкері Тұзар атты иесіне адал берілген төбет десек те, адамның түрлі болмысын бейнелейтін Көкжал қасқыр, Көкшулан қаншық, Қосүрей қоян, еңбегі еш есек Кико, 250 жыл жасаған Қуқар қарға, айласына құрық бойлатпас Сылаң түлкі, әділетсіздікке жаны төзбейтін, бірақ оның қулық-сұмдықтарын да әлі түсінбейтін Бе-бе қозы кезегімен бірінші планға шығып отырады. Ал қортық қасқыр мен қойлар да тіршіліктің иелері. Тындырғаны шамалы болса-дағы, топ бастаған Теке де айналамызда бар.
Түрік көрермендері алдында адалдығы бағаланбаған итті Данияр Базарқұлов пен өнер сұлулығына тамсандырған Көкшуланды Жанар Мақашева жарқыратып алып шықты.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55