06 Мамыр, 2016

Ұлт Жоспарына – басым назар

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты мен Мәжілісінің бір топ депутаты Қызылжар өңірінің тұрғындарымен кездесіп, келелі мәселелер бойынша танымдық әңгімелер қозғады. Сенатор Серік Біләлов Қызылжар ауданында болған жұмыс сапарында өндіріс орындарын аралап, ұжым мүшелерімен кездесті. Негізгі тақырыпқа «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шығарылуы кездейсоқ емес, деді жиналғандарға қарата айтқан сөзінде Серік Сұлтанғазыұлы. Елбасы ұсынған басым бағыттар «2050» Стратегиясын жүзеге асырудың, мемлекеттілігімізді нығайтудың, кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың, заңның үстемдігін қамтамасыз етудің бұлжымас қағидаттары болып табылады. Одан әрі ол ауылдықтар үшін маңызы еш кем емес индустрияландыру және экономикалық өсім мәселесіне тоқталып, 35-қадамда ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізудің тетіктері белгіленгенін, мұндай шаралар адамдардың жерге деген пиғылын өзгертіп, жекеменшік қарым-қатынас көзқарасын орнықтыратынын жеткізді. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы