06 Мамыр, 2016

Әлемдегі ең үлкен гауһартас аукцион арқылы сатылады

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-05-2016 diamondАСТАНА. 6 мамыр. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Sotheby’s сауда үйінде әлемдегі ең үлкен «Леседи ла Рона» гауһартасы көпшілік назарына ұсынылады. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ал бағалы зат Англияның Лондон қаласында аукцион арқылы сатылмақ. Ресми мәліметтер бойынша, салмағы 220 грамм болатын тастың алғашқы бағасы 70 миллион доллардан басталады. Гауһар өткен жылы Ботсвана еліндегі кен орындарының бірінен табылған. Көлемі бойынша, әлемдегі осыған дейін табылған тастардың ішінде екінші үлкен алмаз. Ал ең үлкені «Куллинан» деген атқа ие болған тас ХХ ғасырда табылған. Бірақ кейіннен арасында жарықшақтар пайда болып, 8 бөлікке бөлініп кеткен. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.