06 Мамыр, 2016

Аптап ыстықтан 181 адам ауруханаға жатқызылды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-05-2016 japanАСТАНА. 6 мамыр. Жапонияда аптап ыстықтан 1 апта ішінде, яғни 25 сәуір мен 1 мамыр аралығында 181 адам ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, 1 адам қайтыс болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл осы жылғы алғашқы статистикалық ақпарат. Дәрігерлер алты адамның жағдайы мүшкіл екенін, осыған байланысты олар ең кемінде 3 апта ауруханада ем қабылдауы керектігін мәлімдеді. Зардап шеккендердің көпшілігі 65 жастан асқан қарт кісілер. Айта кетейік, мұндай оқиға өткен айда Үндістан мемлекетінде де тіркелген. Алайда, бұл елде ауа райының күрт ысуынан екі жүзге жуық адам қайтыс болды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».