АСТАНА. 6 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып Мұхтар Құл-Мұхаммед тағайындалды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңес бюросы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті таныстырды.
Мұхтар Құл-Мұхаммед 1960 жылы туған. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор.
1982 - 1992 жылдары Қазақ кеңес энциклопедиясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы болып еңбек етті.
1992 - 1999 жылдары - «Атамұра» баспа корпорациясының президенті.
1999 - 2001 жылдары - Парламент Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің хатшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы.
2001 - 2003 жылдары - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
2003 - 2007 жылдары - Президент кеңесшісі, Президенттің баспасөз хатшысы, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2007 - 2008 жылдары - Қызылорда облысының әкімі.
2008 - 2010 жылдары - Мәдениет және ақпарат министрі.
2010 - 2011 жылдары - Мәдениет министрі.
2012 - 2013 жылдары - Мемлекеттік хатшысы.
2013 - 2014 жылдары - Мәдениет және ақпарат министрі.
2014 - 2015 жылдары - Президент кеңесшісі.
2015 жылдың наурызынан мамырына дейін – Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау үшін құрылған республикалық қоғамдық штабтың басшысы.
2015 жылғы 5 мамырдан бүгінгі дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып қызмет етті.
Талғат Райымбек.
Дерек: inform.kz.
Фото: akorda.kz.